«Ақындар адалдықты жырлайды»

Ағымдағы жылдың 05 қазан күні сағат 11.00-де Жамбыл ауданы Аса ауылының Өнер мектебінде «Ақындар адалдықты жырлайды» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.

Айтыстың негізгі мақсаты – жастарды ата-бабамыздан мұра болып қалған шешендік өнер арқылы сыни ойлауға, логикалық байланыс табуға, сөз астарын жылдам түсініп, әуезді әуенмен ұтымды сұрақтар қойып, көрерменнің ықыласына бөленуге дағдыландыру, жастарды достыққа, бірлікке шықыру, ұлттық-рухани және патриоттық тәрбиеге, адалдыққа баулу.

            Айтысқа барлығы 8 үміткер қатысты. Яғни, 4 жұп. Төрелік жасаған әділқазылар құрамы төмендегідей болды:

Төраға:

Айтмұхамбет Исақов – Айтыскер ақын.

Әділқазылар алқасының мүшелері:

Есет Жаңабайұлы Досалы – Айтыскер ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Дидар Апбасов – Айтыскер ақын.

            Айтыс қорытындысы бойынша орындар былай бөлінді:

Бас жүлде –  Әмірхан Елдар – Қызылорда облысы

І орын – Алина Айдаралы – Жамбыл ауданы

ІІ орын – Айсұлу Жүнісбек – Талас ауданы

ІІ орын – Санжар Даярбек – Жуалы ауданы

ІІІ орын – Төлеген Айқын – Қызылорда облысы

ІІІ орын – Әлихан Яшар – Жамбыл ауданы

ІІІ орын – Сабит Данияр – Алматы облысы

ІІІ орын – Александр Жомарт – Шу ауданы

Айтыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған