БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

19 қазан құтқарушылар күні. Осыдан 26 жыл бұрын Елбасының жарлығымен құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халық алдында қалтқысыз қызмет етіп келеді. Оған дәлел азаматтардың ықыласы мен сенімі.

Осыған орай, «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйытқы болуымен Төтенше жағдай қызметкерлері мен Саналы ұрпақ клуб мүшелері галстуксыз кездесу өткізді.

Мақсат: Өскелең ұрпақтың өң бойына адалдық пен парасаттылықтың, әділдіктің дәнін егу болып табылады.

Бейресми шара соңында аумақтық Департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов бүгінгі күннің батырлары атанған сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, алғыс хат және құрмет грамотасын табыстады.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған