Бюджетті тиімді жоспарлау

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталының ақпаратына талдау жүргізу арқылы бюджеттік қаражатты үнемдеуге өз үлесін қосуда.
Демек, департамент мемлекеттік орган мен мекемелердің мемлекеттік сатып алулар жүйесіне енгізген жоспарларын зерделеу арқылы, ондағы сатып алу бағаларының жоғарлылығын анықтаған.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен мемлекеттік органдардың сатып алу бағалары төмендеу жағына қарай өзгертіле отырып қайта қаралса, кейбір сатып алулардан мүлдем бас тарту арқылы 768 млн. теңгеден аса бюджеттік қаражат үнемделді.
Мысалы, Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 78,5 млн. тг. «жаялық» (подгузник) мемлекеттік сатып алу арқылы алуды жоспарлаған. Жоспар бойынша жаялықтың (подгузник) 1 данасы 250 тг. деп көрсетілген, ал «Сатып алудың біріңғай терезесі» веб-порталы 1 дана жаялықтың (подгузник) медианалық бағасы өлшеміне қарай 80-180 тг. аралығын құрайды. Бағаның негізсіз жоғары болуына байланысты ұсыныс негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудан бас тартқан.
Сол сияқты, облыстық полиция департаменті бюджеттік жоспарлау барысында флеш-картаны 1 данасы 235 714 теңге (жалпы соммасы 9,4 млн.) деп көрсетілген, ұсыныс енгізілген сон сатып алу бағасы қайта қаралып бір данасы 2357 теңге (сатып алудың жалпы соммасы 94 285 теңгені құрады) түсіріліп нәтижесінде 9,3 млн. теңге үнемделді.
Тектес жағдай, 1 дана компьютер бағасын 600 000 теңгеге (жалпы 12 млн.) жоспарлаған Шу ауданы әкімі аппаратында да орын алды. Департаменттің ұсынысымен нарықтық баға негізінде сатып алу бағасы қайта қаралып 300 000 теңгеге түсіріліп, 6 млн. бюджеттік қаражаты үнемделді.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған