Жамбыл облысында АӨК кешенді субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысы талқыланды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуді бастады.

Бұл жұмыстың мақсаты – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық, әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Осыған орай, «Antikor» сервистік ауыл шаруашылығы саласына субсидия бөлу мәселесіне жауапты мекемелердің және шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс отырысы болып өтті.

Кездесу барысында аталған салаға қатысты проблемалық сұрақтар мен субсидия беру тәжірибесі және оны жақсарту жолдары бойынша ұсыныстар талқыланды.

Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының, «Аграрлық Несие Корпорациясы», «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалдарының, сонымен бірге кәсіпкерлер палатасының басшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев талдаудың барысында барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің тәжірибесі, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданатындығы туралы айтты.

Равиль Төлебаев: «Бұл салада жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Мүмкін бұл бірыңғай жауапты қадағалаушы органның болмауынан, нормативтік құқықтық базаның жиі өзгеруінен, кезек күту, жоспарлау және субсидия беру процедураларының ашықсыздығынан, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әлсіз интеграциясымен байланысты шығар. Осы жылдың шілде айының соңына дейін субсидиялау процедураларына, бюджеттік қаражатты әділ және тиімді бөлуге, ауылдағы әл-ауқатты жақсартуға, сондай-ақ азаматтарға нақты өндірілген өнімнен пайда табуға жаңа тәсілдер әзірленеді».

Өз кезегінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаевжүйелі проблемалар мен әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында тұрақты негізде агроөнеркәсіп кешені саласындағы субсидиялаудың мемлекеттік бағдарламасына талдау жүргізетіндігін атап өтті.

«Мәселен, «инвестсубсидия» аясында ағымдағы жылдың 5 айында Жамбыл облысының агроөнеркәсіп субъектілерімен 1454 өтінім берілді, оның ішінде 446 өтінім (30,67%) жұмыс органымен түрлі себептер бойынша қабылданбады. Бас тартылған өтінімдердің негізгі үлесі 1 паспорт, ол «Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды сатып алу». (Паспорттар бөлінісінде: – ауыл шаруашылығы техникасы – 241 (54%); тамшылатып суару – 107 (24%); жайылымдарды суландыру – 81 (18%); басқалары-17 (4%). Сонымен қатар, бас тартудың ең көп таралған себептері: Төлемді растайтын құжаттардың болмауы; Шарттағы/өтінімдегі банк деректемелерінің сәйкес келмеуі; Қате деректер, ЭШФ, фискалды чектің болмауы және т. б. Қазіргі уақытта бар проблемаларды егжей-тегжейлі зерттеу үшін біз бірнеше рет бас тартқан шаруалармен интерактивті кездесу өткізіп жатырмыз», – Еркін Атымтаев.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен «Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» (ИСС) бағдарламасына арнайы комиссияның қорытындысы болмауына байланысты кәсіпорындардың өтінімдері қабылданбайтындығы туралы хабарланды. Сонымен қатар, жыл басынан бері кәсіпкерлерден оларға тиесілі субсидияны ала алмауларына қатысты ауызша да, жазбаша да өтініштер келіп түсуде. Мәселен, өтініштер Жуалы ауданының ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінен келіп түскен, онда 2020 жылдан бастап сүт өңдеу зауыттарына тапсырған сүті үшін субсидиясын алмаған (бұл мәселені облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы қаражаттың жетіспеушілігімен түсіндіреді). Алынбаған субсидия сомасы 279 млн. теңгені құрайды. Бұл өз кезегінде саланың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді.

          Ал сала мамандары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша нормативтік құқықтық актілерге бірқатар ұсыныстар енгізді.

          «Қағидаға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, жергілікті ветеринариялық қызмет, өзін-өзі басқару органы жауапты тағы басқа қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия тауарөндірушіден түскен өтінімдегі деректердің дұрыстығын тексеру туралы АКТ жасау туралы өзгеріс енгізілуі қажет деп есептейміз. Өтінім беру кезінде жалған ақпарат берген және субсидия алумен байланысты өзіне алған  міндеттемелерді орындамаған мемлекеттік қолдау тетігінен пайдаланған (субсидия)  шаруашылық субъектілерінің реестрін құрып «Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» не енгізу және оларды  субсидия алу құқығынан пайдалануға 3 жыл мерзімге шектеуді, техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 түрін енгізңп, мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Бір терезе» қағидаты бойынша  арқылы іске асыруға болатынын қарастыруды ұсынамыз», – деді Жамбыл облысы әкмідігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев.

          Кездесу барысында кәсіпкер тәуліктік балапанды сатып алып үшін субсидиялар бөлінбейтіндігі туралы шағымын білдірді.

          Талқылай келе, Равиль Қуанышбайұлы уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларына аталған мәселемен бірге басқа да проблемалық сұрақтар бойынша түпкілікті зерделеп, дайындалып келуді тапсырды.

          Қорытындылай келе, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою мақсатында субсидия бөлу мәселесіне жауапты мекемелердің қатысуымен жүмыс отырыстары әр аптаның сәрсенбі күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өтетіндігі туралы шешім қабылданды.

          Барлық проблемалық сұрақтар мен бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша taldau@antikor.gov.kz электрондық поштасы, сондай-ақ +7 778 668 99 20, Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаевқа + 7 775 332 6482 WhatsApp нөмірі арқылы хабарласуды сұраймыз!

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған