Жамбыл облысында басшыларға қатысты 6 қылмыс тіркелді.

9 айды қорытындылау бойынша өткізілген баспасөз мәжілісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен 6 басшылық лауазымдағы қызметкерлерге қылмыстық іс тіркелгендігін хабарлады.

Сонымен қатар, есептік кезенде 34 қылмыстық іс сотқа жолданды. Жасалынған заңсыз іс-әрекеттер үшін 36 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

         Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық білім саласында, бюджеттік қаражатты жымқыру, ауыл шаруашылығы саласында субсидия бөлу, денсаулық сақтау саласында жымқыру, үстемақыларды заңсыз алу, әлеуметтік салада мүгедектік тағайындау барысындағы бұзушылық, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында, атқарылмаған жұмыстары қабылдау және т.б.. Сондай-ақ аталған барлық салаға тән сыбайлас жемқорлық тәуекелі ол мемлекеттік сатып алу кезіндегі құқықбұзушылықтар болып жеткізілді. 

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған