Зиялы қаумы өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен тұжырымдамаға ұсыныс енгізу бойынша кездесу өтті

2021 жылдың 28 қазан күні «Antikor» сервистік орталығында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау және ұсыныстар енгізу бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесінің жетекшісі Қ.Төлендиев және ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері мен арнайы мониторингтік топ өкілдері қатысты.

Кездесуді «Жаңару» жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі, ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Қ.Төлендиев жүргізіп отырды.

Кездесу барысында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисті Бекет Момынқұл тұжырымдамаға бірқатар ұсыныстарын айтып өтті.

Сонымен қатар, арнайы мониторингтік топ өкілі М.Абдраманов кірістер саласында ашықтық орнату бойынша ұсынысын айтты.

Одан бөлек, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Талас аудандық маслихан депутаты, білім және мәдениет салаларының үздігі Ү.Битенова мен Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан журналисттер одағы сыйлығының лауреаты, ақын, журналист Ғ.Әбенова тұжырымдамадағы ең басты мәселе ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінгендігін құптайтынын, әсіресе білім беру процесі барысында адалдыққа баулитын пәндер енгізілсе деген ұсыныстарын айтып өтті.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов өз кезегінде пікірлердің барлығына мән беріп, әр ұсыныстың орынды екенін, және міндетті түрде жұмыс тобына аталған ұсыныстар жеткізілетінін айтты.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған