Келтірілген залалды өндіру Сыбайлас жемқорыққа қарсы қызметтің басты бағыттарының бірі

        ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен ағымдағы жылдың 9 ай ішінде 55 қылмыс тіркелген болса, олар бойынша 183,8 млн. теңге көлемінде залал келтірілгендігін анықтаған.

         Қазіргі таңда, келтірілген залалдың 103,5 млн. теңгесі өндірілді және 7,2 млн. теңгеге мүлікке тиым салынды, деді Депратамент басшысы Әділхан Әшірбаев.

          Мысалы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарамасының бөлім басшысы Искаковаға, оның жолдасы Кулдашовқа және азамат Карибаевқа қатысты ҚР ҚК-нің 190, 364 б.б. бойынша, яғни ауыл шаруашылығы мақсаттарында заңсыз субсидиялар алу және оны ұрлау деректері бойынша тіркелген қылмыстық іс  14 қазанда сотпен қаралық оларға 7 жылдан – 5 жыл аралығындағы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, 32,9 млн.теңге көлемінде келтірілген залал толығымен өндірілген.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған