Кәсіпкерлердің қатысуымен тұжырымдамаға ұсыныс енгізу бойынша кездесу өтті

2021 жылдың 29 қазан күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының базасында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау және ұсыныстар енгізу бойынша кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының барлық аудандардағы өкілдіктері, облыс бойынша кәсіпкерлік саласында жүрген ірі кәсіпкерлер мен, кәсіпорын басшылары зум платформасы арқылы онлайн форматта қатысты.


Кездесу барысында кәсіпкерлік саласында кездесетін кедергілер мен оларды жою бойынша және тұжырымдамаға ұсыныс енгізу бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Өз кезегінде де департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов айтылған пікірлерге мән беріп, әр ұсыныстың орынды екенін және аталған ұсыныстар жұмыс тобына жеткізілетінін айтты.
Іс-шараға 50-ден астам адам қатысты.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған