Мемлекеттік грантта кімдер оқуда?

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік грантты бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізген болатын. Мониторинг қорытындысы облыс әкімінің қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында баяндалды.

Жүргізілген мониторинг жұмыстары қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаумен 46 колледж айналысатындығын көрсеткен.

         Зерделеу барысында мемлекеттік грантта оқыған колледж студенттердің жұмыспен қамтылу дәрежесін анықтау мақсатында  3720 колледж түлектері арасында жобалық кеңсе қызметкерлерімен телефон арқылы жасырын сауалнама жұмыстары жүргізілді.

         Сауалнама қортындысы көрсеткендей оқу бітірген соң тек 583 түлек кәсіптік мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылғаны белгілі болды.        Бұл өте аз, мемлекет бюджетінен тиісті саланың маманын даярлауға қаражат бөлініп, есесіне тек 15-20% түлектер мамандығы бойынша жұмыс атқарып отыр деген сөз.

         Сонымен қатар, кадр сұранысына жүргізілген зерделеу нәтижесі мен мамандық бойынша бөлінген гранттар келесіні жағдайды көрсетті.

         2020 жылы «Бағалау» мамандығы бойынша 50 студент мемлекеттік грантпен оқып диплом алса, мониторинг жұмыстары аталған мамандыққа облысымызда ешқандай сұраныс жоқ екендігін көрсетті. Дәл сол жылы «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша 48 студент диплом алған. Облыс бойынша аталған мамандыққа сұраныс жоқ.

Ал, облысымызда сұраныс жоғары мамандықтарға мемлекеттік гранттар аз бөлінеді: «Аспазшы» мамандығына сұраныс 101 орын болса, аталған мамандыққа тек 21 мемлекеттік грант бөлінген. «Шаштараз» мамандығына сұраныс 95 болса, бөлінген грант 46, дәл солай, «фермер» мамандығына облыс бойынша сұраныс 149 болса, бөлінген грант тек 10 ғана.

         Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, сұранысы жоғары мамандықтарға мемлекеттік грант аз бөліп, керісінше сұранысы жоқ мамандықтарға грант бөлу бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуы деп есептейміз – деп сөзін аяқтады жобалық кеңсе жетекшісі Назима Норманбекқызы.  

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған