«Мәңгілік елдің – адал ұрпақтары» атты облыстық слет өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Мәңгілік елдің – адал ұрпақтары» атты облыстық саналы ұрпақ клуб мүшелерінің І Слеті өтті.
Слет жастардың бойында рухани адамгершілік жəне азаматтық – патриоттық тəрбиемен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.


Аталған іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары – Б.Ниязов, «Жамбыл –адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Н.Жұбандықова, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары – Т.Жамалов, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанатының төрағасы, облыстық маслихаттың депутаты – У.Болатбек қатысты.
Слет барысында алдын-ала ұйымдастырылған «Жемқорлықсыз қоғам бейнесі» атты сурет, «Адалдық асыл мұрат» атты эссе жазу және «Адал, сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сахналық қойылым байқауларының үздіктері марапатталды.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған