М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті

2021 жылдың 29 қазан күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау және ұсыныстар енгізу бойынша кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен заңгерлер мен магистранттар қатысты.
Кездесу барысында білім саласында кездесетін бірқатар өзекті мәселелер айтылды және тұжырымдамағы енгізілетін ұсыныстар талқыланды. Өз кезегінде де департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов айтылған пікірлерге мән беріп, әр ұсыныстың орынды екенін және аталған ұсыныстар жұмыс тобына жеткізілетінін айтты.
Кездесуге 30-дан астам адам қатысты.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған