НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ!

Шохан Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында «НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ» наурыз шашу кеші өтті.
Іс-шараны мәдениет саласының ардагері, композитор, мемлекеттік қызмет саласының үздігі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі – Бықыбаев Дүйсенәлі Дыбысалыұлы жүргізіп отырды. Іс-шараға «Жаңару» жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі – Төлендиев Қасымхан Естемесұлы; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Талас аудандық мәслихат депутаты, білім, мәдениет салаларының үздігі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі – Битенова Үміт Қыранқызы, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі, ақын, журналист, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі – Есет Досалы қатысты.
Іс-шара барысында қонақтар Әз-Наурыз мекерекесінің тарихына тоқталып, қазақ халқы өмірінде алатын ерекше орны туралы айтып, қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы терең ой қозғап, пікір алмасты. Іс-шара барысы тікелей эфирге түсіріліп, қалың көрермен көруге мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, іс-шараға кітапхана оқырмандары №12 орта мектебінің 7 сынып оқушылары: Қалдыбай Нұрай Бахытжанқызы; Үсен Жұлдызай; Жамалбек Гүлназ Байжанқызы; Жүнісбек Аяла Сапарқалиқызы арнаулар оқыды. «Парасат жолы» жобасы тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған