«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты мерекелік жиын өтті

Ағымдағы жылдың 05 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Жамбыл –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты мерекелік жиын ұйымдастырды.

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Масұтұлы, облыстық «Ақжол» газетінің бас редакторы, департамент жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшесі Оралхан Дәуіт, облыстық «Жамбыл» телеарнасының директоры Мейіржан Әмірбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім бөлімінің басшысының орынбасары Бекбатырова Жамиля Елеуқызы, «Казахстанская правда» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Михаил Те, «Taraz24» телеарнасының директоры Момынжанов Жамбыл қатысты.

Жиын барысында «Жамбыл –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырған «Үздік тикток», «Адал еңбек бейнесі» атты сурет байқауын», мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттік қызмет–ел мүддесіне адал еңбек» эссе байқауын, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының білімгерлері және магистранттары арасында «Жобалар» байқауларының жеңімпаздары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған