«Сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті

Үстіміздегі жылдың қазан айының 18 жұлдызында «Қордай – адалдық алаңы» жобалық офисінің ұйымдастыруымен «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің мәжіліс залында өзге этнос өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Жобалық офисінің менеджері Айғаныш Исраилова өзінің кіріспе сөзінде азаматтық қоғамның қатысуынсыз коррупцияға қарсы тұру мүмкін емес екенін атап өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың басты құралы әрбір азаматтың осы процеске қатысуы болып табылады деген пікірде болды, өйткені сыбайлас жемқорлықтың деңгейін бұқаралық күш-жігермен ғана төмендетуге болады. Іс-шара барысында арнайы әзірленген үлестірме материалдар таратылды.

Аталған бағыттағы іс-шарала алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған