«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама» тақырыбында қоғамдық тыңдалым

Ағымдағы жылдың 22 қараша күні  Қордай ауданы әкімдігің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық баяндама» тақырыбында қоғамдық тыңдалым ұйымдастырды.

ZOOM платформасында өткен іс-шараға ҚР Сыбайлас жесқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Мақсұтұлы Ниязов, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Назима Дәрменқызы Жұбандықова және жобалық кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ Қордай ауданының Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және өзге ұлт өкілдері қатысты.

 Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру туралы сөз қозғалды. Жиында сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Мақсұтұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Ұлттық баяндамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы қатысушыларға қысқаша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиынға соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған