Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Жамбыл облысына іс-сапармен келді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапар барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің фронт-офисімен танысты. Фронт-офиске жүгінген азаматтардың мәселелері оң шешімін табуына оң ықпал етіп жатқандығы, ашық форматтың тиімді тұстары аталып өтті.
Сонымен қатар, жұмыс сапар барысында кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында ағымдағы жылы бірінші тоқсанда жүргізілген ішкі талдау бойынша есеп тыңдалды. Анықталғандай жемқорлық тәуекелдері бойынша 2 мәселе туындаған. Жазира Жақсылыққызы аталған мәселе төңірегінде методикалық кеңестер жүргізіп, ішкі талдау жұмыстарын көзбояушылық емес, шынайы зерделенуі тиіс екендігін тілге тиек етті.Жиынға қатысушыларға 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалысы туралы ақпарат берді. Оның ішінде аймақта арналған жоспардың тармақтарын өңірдегі орындалысы жайында сөз қозғалды.
Сөз кезегін алған «Парасат жолы» жобасының басшысы С. Түгел парасаттылық идеологиясын дамыту, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру қажеттілігі туралы барлық жерде және әрқашанда айтуымыз керек», – деп атап өтті.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған