«Таза сессия» акциясының қорытындысы шықты

Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 9884 студент қатысты (Тараз қаласы және 10 аудан).
Сауалнама 7 сұрақтан тұрады.
1. Колледждегі оқытушылардың сабақ беру деңгейі қанағаттандырады ма?
Сауалға 92,1%-Иә , 4,6% – Жоқ, 3,3%-Жауап беруге қиналамын деп жауап берді.
2. Оқытушылардың мәселелері пара арқылы шешуді ұсынған кездері болды ма?
Сауалға 95,9%-Жоқ, 2,5%-Иә,1,6%- Жауап беруге қиналамын деп жауап берді.
3.Өзіңіздің пара берген кезіңіз болды ма?
Сауалға 97,5%-Жоқ, 1,5%-Иә,0,9%- Жауап беруге қиналамын деп жауап берді.
4. Қандай оқу процессі барысында сыбайлас жемқорлық көрініс табады?
Сауалға 83,4%-Жемқорлық көрініс таппайды, 6,7%-Сессия кезінде, 5,9%-Мемлекеттік емтихан кезінде, 4%-Білмеймін деп жауап берді.
5.Колледж мұғалімдері жеке басының тапсырмаларымен сізге жүгінген кездері болды ма?
Сауалға 92,6%-Жоқ, 5,3%-Иә, 2,1%-Жауап беруге қиналамын деп жауап берді.
6. Топта мейрамдарда, іс-шараға ақша жиналады ма?
Сауалға 78,4%-Жоқ, 17,6%-Иә, 4%-Жауап беруге қиналамын деп жауап берді.
7.Сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін қандай жұмыстар жүргізілуі керек? (Сіздің ойыңыз)
Сауалға білімгерлердің көпшілігі «Білмеймін» деп жауап берсе, біршамасы «Заңды күшейту жұмыстарын жүргізуді (Қатаң жаза қолдану керек, тексерістер көбейту керек)», сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты алдын алу жұмыстары (тәрбие сағаттар, кездесулер және т.б.) көбірек жүргізу керек деп жауап берді.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған