Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жуырда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына бағынысты 22534 әскери бөлімінде «ӘСКЕРДЕ ҚЫЛМЫСҚА ОРЫН ЖОҚ» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді.
Әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін бағалау мақсатында дөңгелек үстел жүргізілді.Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтай отырып, Тараз Өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының офицерлерімен 22534 әскери бөліміне қызмет көрсету жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің офицері әділет аға лейтенанты Байдаулет Алмешов және әділет лейтенанты Елдос Қалматаев әскери бөлімінің жеке құрамына жемқорлықтың алдын алу мен оған жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сот үкімімен жауапкершілікке тартылғандар, сотталған әскери қызметшілер туралы ақпаратты жеткізді.
Әділет аға лейтенанты Байдаулет Алмешов және әділет лейтенанты Елдос Қалматаев пара алушылар мен қатар пара берушілердің де жауапкершілігінің күшейтілгенін ескертті. «Сондықтан да біздің басты міндетіміз әскерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды алдын алу және әрбір әскери қызметшінің бірінші кезекте өзінің отбасын, өсіп келе жатқан балаларының болашағын ойлау қажет. Осы орайда барлық әскери қызметшінің бойына, санасына жемқорлыққа деген төзбеу мәдениетін қалыптастыруымыз қажет» деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі офицері.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған