Тұжырымдамаға ұсыныс енгізу бойынша жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті

2021 жылдың 28 қазан күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының базасында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу, оны талқылау және ұсыныстар енгізу бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Кездесуді институттың тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Гульшат Камбарбековна жүргізді.

Кездесу барысында тұщымды ой-пікірлер, ұсыныстар, талдаулар айтылды. ХТИИ доценті Құрманбек Сагинбеков бірнеше пункт бойынша жеке-жеке тоқталып, өз көзқарасын білдірді. Бақытжан Мақсұтұлы пікірлердің барлығы орынды екенін, және міндетті түрде жұмыс тобына айтылған ұсыныстарды жеткізетіндігін айтты.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған