«Қордай – адалдық алаңы» ЖК 10 атқарған жұмысы

Қордай ауданы әкімінің 2020 жылдың 1 маусымдағы №77 өкімі негізінде «Қордай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз жұмысын жүзеге асыруда.

Мемлекеттік органның бірінші басшылары, сондай-ақ, аудан әкімдері тарапынан  қоғам алдында барынша ашықтығын көрсету және азаматтармен кері байланыс орнату мақсатында, 2021 жылдың                                10 айында аудан бойынша 972 тұрғындар түрлі өтініштерімен қайырылды. Оның ішінде 74 азамат тұрақты жұмыспен қамтылуы, 24 азамат табиғи газ мәселесі, 22 азамат жол мәселелері, 30 азамат құжаттарын жаңарту және жасап беру бойынша, 86 қарт және жалғызбасты тұрғындар ауласына тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша, 788 азамат whatsapp месенджері арқылы әртүрлі өтініштері қабылданып, қайырылған өтініштері толық қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне қайырылған 100-ге жуық азаматтың өтініштері қаралып, толық қанағаттандырылды.

Масанчи, Сортөбе, Ауқатты, Қарасай, Қаракемер ауылдық округтерінде жол жөндеу жұмыстарының сапасының төмендігі туралы тұрғындар тарапынан анонимдік түрде өтініштер келіп түскен.

Аталған мәселе бойынша, «Қордай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мониторинг жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде мәліметтер расталған жоқ.

Сондай-ақ, Қордай ауданының ел мекендерінен 1424 бірыңғай call-орталығына 246 азамат хабарласқан.

«Сапалы жол» жобасы бойынша

         Жоба аясында Қордай ауданының елді мекендерінің тас жолдардын асфальттау бойынша жыл басынан 141 қоғамдық мониторинг жұмыстары жүргізіліп (оның ішінде 22 рет облыстың маңызы бар жолдарға, 47 рет аудандық маңызы бар сондай-ақ ауылішілік жолдар), 72азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 2,0 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

         Одан бөлек, автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті органдармен жобалық офис қызметкерлері бірігіп ауыр жүк тасымалдаушы көліктеріне тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізді. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар ғана бақылауда емес, сондай-ақ, облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында аудандағы тас жолдарға шығу жұмыстары ұйымдастырылды.

         Құрылыс саласындағы мониторинг

         Құрылыс саласындағы жүргізілген мониторинг барысында құрылыстың сапасын, қауіпсіздікті сақтауды, құрылыс барысын тұрақты бақылау, сондай-ақ өзінің техникалық қадағалау міндеттерін орындауды бақылау мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде салынған  Қордай ауылындағы «Батыс» ауданында 5 қабатты 60 пәтірлі №1, №2 тұрғын үй, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде салынған Қордай ауданы Қордай спорттық-сауықтыру кешінінің құрылыстары жұмысымен таныстырылды.

          «Адал фарм» жобасы

          «Қордай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аудан әкімдігі жанында құрылған жедел топ құрамына енгізіліп, күнделікті Қордай ауылында орналасқан дәріханаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Қазіргі таңда 40 дәріхана және орталық аурухананың дәрілік қоймасы мен аурухана қызметі зерделенді. Нәтижесінде бағалардың жоғарлауы, дәрілік заттарды заңсыз сату бойынша 12 фактісі анықталды. Оның  ішінде, Мерей сауда орталығындағы «Медет плюс», Қордай ауылы Әл-Фараби көшесі №76, Қордай ауылы, Жамбыл көшесі 34А мекен-жайында орналасқан «Хорошая аптека» ЖШС дәріханалары дәрілік заттардың шекті сату бағасынан 2%-ға жоғарылатып сату ережелерін бұзған және т.б. «Қордай адалдық аланы» тұрақты түрде аудандық ауруханаға демеушілер тарапынан келіп жатқан материалдық көмектердің уақытында жеткізілуі қадағаланып отырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін жобалық кеңсе анонимді түрде аудандық аурухана қызметкерлері (дәрігерлер және тех персонал қызметкерлері) арасында сауалнама жүргізіп отырады, бүгінгі таңда сауалнамаға барлығы 500-ге жуық медицина қызметкері қатысты.

Сауалнама нәтижелері бойынша 90% пайызы жемқорлық әрекеттерімен кездеспегенін, және 10% жауап беруге қиналатындарын айтқан. «Қордай адалдық аланы» тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін дәрілік заттарды беру, және алу бойынша есепте тұрған пациенттерге дәрі-дәрмектерді еш кедергісіз алу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізіп отырады.

Ауруханалар мен дәріханалардың көрнекті орындарында дәрілік заттардың шекті бағалары туралы хабардар ететін брошюралар мен QR-код сілтемесі бар парақшалар ілінді.

         «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» «Адалдық елшілері» еріктілер клубы бойынша

         Қордай аудан бойынша «Адалдық елшілері» жасағы құрылып, оның құрамында 19 ауылдық округте 19 азамат бүгінгі таңда толық өз жұмыстарын бастады. «Адал ұрпақ» клубтары 49 мектепте құрылып, оның құрамына 11 мыңға жуық, «Саналы ұрпақ» клубтары                                       4 колледжерде құрылып, оның құрамына 983-тен астам студенттер мүше болып енгізілген. Жыл басынан бері 451 іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар, 4 колледж студенттері арасында «Сенім жәшігі» акциясы аясында жасырын сауалнама өткізіліп, 3000-ға жуық адаммен қамтылды.

         «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ақапараттық сүеймелдеу, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген жұмыстары.

           2021 жылдың 10 айында «AntikorLive» жобасы аясында                          15 тікелей, аудандық бөлім-мекемелердің бірінші басшыларының қатысуымен «Адал көмек» акциясы шеңберінде 70-ке жуық тікелей эфирлер ұйымдастырылып өткізілді.

           «Қордай – адалдық алаңы» жобалық офисі аудандық БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мақалалар шығарылады. Барлық жарияланған мақалалар саны – 82.

           Сонымен қатар, «Қордай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм) парақшаларында үнемі тұрғындар назарына ақпараттық материалдар жариялануда.

           «Қордай адалдық алаңы» жобалық офисін қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру және Қордай ауданы тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында «Қордай адалдық елшілер» Қордай аудандық мемлекеттік билік органдарының бірінші басшылары мен қызметкерлеріне, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, аудандық орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, аудандық жеке меншік және мемлекеттік емханалар және т.б. 2500-ға жуық флаерлар таратылды. Аталған жұмыстар жалғасын табады.

           Сонымен қатар, әрбір аптада 1 рет аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлық және оның алдын алу бойынша әлеуметтік блиц-сауалнамалар жүргізіледі. Сондай-ақ, колледж және мектеп ұстаздары мен білім алушылар, ауруханадағы ем қабылдаушылар арасында ұдайы жасырын сауалнамалар алынады.

           Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1000,0 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылып, тапсырыс беруші Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігімен 914,3 мың теңгеге келісім-шартқа отырып, қазіргі кезде келісім-шарт негізінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып өткізуде.

            «Парасаттылық» бағыты

           «Парасаттылық» бағытын жүзеге асыру мақсатында Қордай ауылы Батыс тұрғын алқабында бой көтерген 60 пәтірлі №1, №2 тұрғын үйлердің сыртқы беттерінде 2 мурал бейнеленді.

         «Қордай – адалдық алаңы» жобалық

кеңсесінің жетекшісі Расул Бедельбаев

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған