Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жуырда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына бағынысты 22534 әскери бөлімінде «ӘСКЕРДЕ ҚЫЛМЫСҚА ОРЫН ЖОҚ» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді.
Әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін бағалау мақсатында дөңгелек үстел жүргізілді.Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтай отырып, Тараз Өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының офицерлерімен 22534 әскери бөліміне қызмет көрсету жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің офицері әділет аға лейтенанты Байдаулет Алмешов және әділет лейтенанты Елдос Қалматаев әскери бөлімінің жеке құрамына жемқорлықтың алдын алу мен оған жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сот үкімімен жауапкершілікке тартылғандар, сотталған әскери қызметшілер туралы ақпаратты жеткізді.
Әділет аға лейтенанты Байдаулет Алмешов және әділет лейтенанты Елдос Қалматаев пара алушылар мен қатар пара берушілердің де жауапкершілігінің күшейтілгенін ескертті. «Сондықтан да біздің басты міндетіміз әскерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды алдын алу және әрбір әскери қызметшінің бірінші кезекте өзінің отбасын, өсіп келе жатқан балаларының болашағын ойлау қажет. Осы орайда барлық әскери қызметшінің бойына, санасына жемқорлыққа деген төзбеу мәдениетін қалыптастыруымыз қажет» деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі офицері.

В 323 организациях жамбылской области работают независимые комплаенс-службы для борьбы с коррупцией

Одним из лучших методов борьбы со взяточничеством является внедрение независимых комплаенс-служб. В 323 организациях квазигосударственного сектора региона подобные службы уже работают.

 «На сегодня в мире основным инструментом обеспечения корпоративной добропорядочности и искоренения коррупции является эффективная деятельность независимых служб комплаенс в рамках управления рисками и внутреннего контроля. Одной из основных задач специалистов комплаенс-служб – предупреждение коррупции и защита деловой репутации организации. Важнейший приоритет – это профилактика», – отметил руководитель департамента Агентства РК по противодействию коррупции по Жамбылской области Адильхан Аширбаев

Также было отмечено о соблюдении корпоративных стандартов в организациях квазигосударственного сектора, что соответственно должно стать одним из приоритетов для руководителей данных организаций.

«Необходимо безотлагательно и качественно организовывать полноценное функционирование комплаенс-служб. Кроме того, Президентом страны только за 2019-2020 годы подписаны три пакета законов по усилению борьбы с коррупцией. Законом реализованы прозвучавшие в Послании поручения об ужесточении наказания за коррупционное преступление и внедрение новых инструментов по противодействию коррупции. Наряду с существенным ужесточением уголовного законодательства приоритет в борьбе с коррупцией переносится на профилактику и предупреждение коррупционных правонарушений», – подчеркнул  Адильхан Аширбаев.

По сообщению главы регионального ведомства в Закон «О противодействии коррупции» внесена поправка, которая гласит: «В субъектах квазигосударственного сектора определяются структурные подразделения, исполняющие функции антикоррупционных комплаенс-служб, основной задачей которых является обеспечение соблюдения соответствующей организацией и её работниками законодательства РК о противодействии коррупции. Субъекты предпринимательства, не являющиеся субъектами квазигосударственного сектора, вправе создавать антикоррупционные комплаенс-службы».

          Руководство ТОО «Тұрғын үй Жөндеу-Тараз» отметил, что предприятием принимаются комплексные меры по противодействию коррупции, обеспечению прозрачности проводимой работы и общественного контроля.

«Для того, чтобы граждане могли обратиться к нам напрямую, открыта телефонная линия, она работает круглосуточно, 7 дней в неделю. По нему можно обращаться по всем вопросам касательно нашей деятельности, а также по фактам коррупционных проявлений», – заявил руководитель ТОО «Тұрғын үй жөндеу-Тараз» Кенжехан Абжанов.

Жамбыл облысындағы 323 ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кұреске бағытталған тәуелсіз комплаенс-қызметтер жұмыс істейді

Парақорлыққа қарсы ең жақсы тәжірибелердің бірі тәуелсіз комплаенс-қызметтер енгізу болып табылады. Мұндай қызметтер қазірдің өзінде облыстың квазимемлекеттік секторының 323 ұйымында жұмыс істейді.

«Бүгінде әлемде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шеңберінде корпоративті парасаттылықты қамтамасыз етудің және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі құралы тәуелсіз комплаенс- қызметтерінің тиімді жұмысы болып табылады. Комплаенс-мамандардың негізгі міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау. Маңызды басымдық -алдын алу», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев.

Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративті стандарттардың сақталуы туралы, сонымен бірге, ол сәйкесінше осы ұйымдардың басшылары үшін басымдықтардың біріне айналуы керектігі туралы айтылды.

«Біз шұғыл және тиімді түрде комплаенс-қызметтердің толыққанды жұмыс істеуін ұйымдастыруымыз керек. Сонымен қатар, тек 2019-2020 жылдары ғана ел Президенті сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту туралы үш заңға қол қойды. Заң Жолдауда айтылған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазаны қатаңдату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа құралдарды енгізу жөніндегі нұсқаулықты жүзеге асырады. Қылмыстық заңнаманы едәуір қатайтумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басым бағыты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен болдырмауға ауысады», – деп атап өтті Әділхан Әшірбаев.

Өңірлік ведомство басшысының мәлімдеуінше, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға келесі өзгеріс енгізілді, онда: «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер айқындалады».

«Тұрғын үй Жөндеу-Тараз» ЖШС басшылығы кәсіпорында сыбайлас жемқорлықпен күресу, жүргізілген жұмыстың ашықтығы мен қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Азаматтардың бізге тікелей хабарласуы үшін телефон желісі ашылды, ол аптасына 7 күн, тәулік бойы жұмыс істейді. Оны тұрғындар біздің қызметімізге қатысты барлық сұрақтарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша пайдалана алады», – деді «Тұрғын үй жүндеу-Тараз » ЖШС басшысы Кенжехан Абжанов.

Жамбыл облысында АӨК кешенді субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысы талқыланды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуді бастады.

Бұл жұмыстың мақсаты – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық, әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Осыған орай, «Antikor» сервистік ауыл шаруашылығы саласына субсидия бөлу мәселесіне жауапты мекемелердің және шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс отырысы болып өтті.

Кездесу барысында аталған салаға қатысты проблемалық сұрақтар мен субсидия беру тәжірибесі және оны жақсарту жолдары бойынша ұсыныстар талқыланды.

Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының, «Аграрлық Несие Корпорациясы», «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалдарының, сонымен бірге кәсіпкерлер палатасының басшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев талдаудың барысында барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің тәжірибесі, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданатындығы туралы айтты.

Равиль Төлебаев: «Бұл салада жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Мүмкін бұл бірыңғай жауапты қадағалаушы органның болмауынан, нормативтік құқықтық базаның жиі өзгеруінен, кезек күту, жоспарлау және субсидия беру процедураларының ашықсыздығынан, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әлсіз интеграциясымен байланысты шығар. Осы жылдың шілде айының соңына дейін субсидиялау процедураларына, бюджеттік қаражатты әділ және тиімді бөлуге, ауылдағы әл-ауқатты жақсартуға, сондай-ақ азаматтарға нақты өндірілген өнімнен пайда табуға жаңа тәсілдер әзірленеді».

Өз кезегінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаевжүйелі проблемалар мен әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында тұрақты негізде агроөнеркәсіп кешені саласындағы субсидиялаудың мемлекеттік бағдарламасына талдау жүргізетіндігін атап өтті.

«Мәселен, «инвестсубсидия» аясында ағымдағы жылдың 5 айында Жамбыл облысының агроөнеркәсіп субъектілерімен 1454 өтінім берілді, оның ішінде 446 өтінім (30,67%) жұмыс органымен түрлі себептер бойынша қабылданбады. Бас тартылған өтінімдердің негізгі үлесі 1 паспорт, ол «Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды сатып алу». (Паспорттар бөлінісінде: – ауыл шаруашылығы техникасы – 241 (54%); тамшылатып суару – 107 (24%); жайылымдарды суландыру – 81 (18%); басқалары-17 (4%). Сонымен қатар, бас тартудың ең көп таралған себептері: Төлемді растайтын құжаттардың болмауы; Шарттағы/өтінімдегі банк деректемелерінің сәйкес келмеуі; Қате деректер, ЭШФ, фискалды чектің болмауы және т. б. Қазіргі уақытта бар проблемаларды егжей-тегжейлі зерттеу үшін біз бірнеше рет бас тартқан шаруалармен интерактивті кездесу өткізіп жатырмыз», – Еркін Атымтаев.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен «Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» (ИСС) бағдарламасына арнайы комиссияның қорытындысы болмауына байланысты кәсіпорындардың өтінімдері қабылданбайтындығы туралы хабарланды. Сонымен қатар, жыл басынан бері кәсіпкерлерден оларға тиесілі субсидияны ала алмауларына қатысты ауызша да, жазбаша да өтініштер келіп түсуде. Мәселен, өтініштер Жуалы ауданының ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінен келіп түскен, онда 2020 жылдан бастап сүт өңдеу зауыттарына тапсырған сүті үшін субсидиясын алмаған (бұл мәселені облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы қаражаттың жетіспеушілігімен түсіндіреді). Алынбаған субсидия сомасы 279 млн. теңгені құрайды. Бұл өз кезегінде саланың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді.

          Ал сала мамандары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша нормативтік құқықтық актілерге бірқатар ұсыныстар енгізді.

          «Қағидаға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, жергілікті ветеринариялық қызмет, өзін-өзі басқару органы жауапты тағы басқа қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия тауарөндірушіден түскен өтінімдегі деректердің дұрыстығын тексеру туралы АКТ жасау туралы өзгеріс енгізілуі қажет деп есептейміз. Өтінім беру кезінде жалған ақпарат берген және субсидия алумен байланысты өзіне алған  міндеттемелерді орындамаған мемлекеттік қолдау тетігінен пайдаланған (субсидия)  шаруашылық субъектілерінің реестрін құрып «Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» не енгізу және оларды  субсидия алу құқығынан пайдалануға 3 жыл мерзімге шектеуді, техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 түрін енгізңп, мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Бір терезе» қағидаты бойынша  арқылы іске асыруға болатынын қарастыруды ұсынамыз», – деді Жамбыл облысы әкмідігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев.

          Кездесу барысында кәсіпкер тәуліктік балапанды сатып алып үшін субсидиялар бөлінбейтіндігі туралы шағымын білдірді.

          Талқылай келе, Равиль Қуанышбайұлы уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларына аталған мәселемен бірге басқа да проблемалық сұрақтар бойынша түпкілікті зерделеп, дайындалып келуді тапсырды.

          Қорытындылай келе, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою мақсатында субсидия бөлу мәселесіне жауапты мекемелердің қатысуымен жүмыс отырыстары әр аптаның сәрсенбі күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өтетіндігі туралы шешім қабылданды.

          Барлық проблемалық сұрақтар мен бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша taldau@antikor.gov.kz электрондық поштасы, сондай-ақ +7 778 668 99 20, Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаевқа + 7 775 332 6482 WhatsApp нөмірі арқылы хабарласуды сұраймыз!

Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері және (кәзіргі онлаин сабақ үй жағдайында жасалатын жaттығуларға арналған қауіпсіздік ережелері)

Жамбыл облысы, Тараз қаласы.

Физика-матетика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Құрастырған денешынықтыру мұғалімдері: Досымбеков Баглан Нуржанович, Ногайбеков Нуркен Маликович, Есалиев Акмерген Алимбаевич, Токтаганов Талгат Канатович.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе-жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.

Сабаққа спорт үйірмесіне келген  оқушы  арнайы  спорт  киімдерін  киіп, оның  таза  болуын  қадағалауды  міндеттейді;

Сабақ бастадларда оқушы  денесінің  ыстығы  көтеріліп т.б. аурулармен  ауырып тұрса,  мұғалімге  өз денсаулығы  жайында  ескерту  керек.

Оқушылар назарына;

Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне  тағайындалған  ойындар  мен  жаттығуларды  орындамау  керек.

Спорт залдағы  электр  резеткалары  мен  электрощиттеріне  тиіспеу  керек;

Спорт, алаңда  орнатылған, құрылған  спорт  құралдарын  мұғалімнің  рұқсатынсыз  тиіспеу  керек;

Гранат, кіші доп т.б. құралдары алысқа  және  нысанаға лақтырған  кезде  қауіпті алаңға, сырттан  адам, не мал кіріп  кеткен  кезде  жаттығуды  тоқтату  керек.

Үй жағдайында орындалатын жаттығуларға арналған  қауіпсіздік ережесі;

Таң ертеңгілік жаттығулар жасаған кезде бірінші ұйқыдан дұрыс ояну керек. Басымызды солға және оңға бұру, оң және сол қолды көтеру (бірнеше рет). Аяқттарды да кезек-кезек көтеру. Осы жаттығуларды дұрыс орындаған жағдайда ағзамыздың жақсы жұмыс істеуіне кепіл. Жүрек соғуы  қаннымыздың дұрыс айналуына жоғарыда айтылған жаттығулар септігін тигізеді.

Таң ертеңгілік гимнастикалық жаттығулар үшін;    

Таң ертеңгілік жаттығулар: таза ауада серуендеу, жүгіру, жалпы дамыту жаттығулары және т.б. жаттығулар жасау.

Ертеңгілік гигиеналық гимнастика — таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары. Ұйқы кезінде адамның орталық нерв жүйесі де тынығады. Бұл кезде жүректің соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босап, организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке жүйесі мен әр түрлі органдардың қызмет белсенділігі арта бастайды. Алайда белсенділікке көшу процесі ұзаққа созылып кеткен жағдайда оның жұмыс қабілетіне (дене және ой еңбегінде де) елеулі әсер ететіні ақиқат. Ондайда адамның ұйқысы ашылмай, дел-сал күйде жүреді, ашушаң болады. Ал дене жаттығуларын орындау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар орталық жүйке жүйесін белсенді жұмыс істеуге ыңғайлайды. Сонымен қатар ішкі органдардың жұмыс істеу қабілеті жақсарып, өзін сергек сезінген адамның еңбекке деген ынтасы да артады. Таңертең дене тынықтыру үшін радио мен телевизиядан берілетін жаттығулар жүйесін пайдаланған ыңғайлы. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса, өз бетінше қарапайым жаттығулар жүйесін ойластырған тиімді. Мұны мынадай принциптерге сүйене отырып істеген жөн. Ең бастысы — жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек қозғалысқа түскені дұрыс. Жаттығулар бірте-бірте күрделене түсуге тиіс: бірақ бұл алғашқы жаттығуларға қатысты емес. Әйтсе де жаттығу комплексін аяң жүрістен бастайды. Аяң кезінде адам организміне үлкен күш түспесе де, жүйке орталықтары біртіндеп қалыпты деңгейге келеді де, тыныс алу органымен жүрек өз қызметін қайтадан жандандырады. Жаттығуды керілуден бастауға да болады: бұл вариант көбіне денсаулығы нашар, қартаң адамдарға дұрыс. Мұндай жағдайда аяңдау екінші жаттығудың орнына жүреді. Одан кейінгі жаттығулар анатомиялық принцип бойынша бүкіл дененің бұлшық еттерінің әр түрлі бөліктеріне қаншалықты әсер ететіндігіне қарай таңдалып алынады. Төменде дене тынықтыру жаттығуларының неғұрлым дәстүрлі варианттары ұсынылып отыр.

Аяң. Аяңдап (бірқалыпты) жүру (бір орында тұрып жүруге де болады).

Керілу жаттығулары . Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі қолды желнеге қойып, содан кейін бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жайға қарай созады, одан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Бұл жаттығу тыныс алу органының жұмысына жақсы әсер етеді. Жаттығу кезінде екі иық пен басты артқа қарай шалқайта тұрып, дененің барлық бұлшық еттерін қозғалысқа келтіру қажет. Жаттығу барысында қолды жоғары көтерген сәтте саусақ ұшына қарап тұрған жөн. Керілу кезінде аяқтың ұшымен тұру арқылы жаттығуды күрделілендіруге болады. Жаттығу баяу, ақырын жасалуға тиіс. Ырғақ: 1—2 — керілу — тыныс алу; 3—4 —бастапқы қалыпқа оралу дем шығару.

Қол және иыққа арналған жаттығулар :

  1. жайға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ию және қайтадан жазу;
  2. осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау;
  3. қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау;
  4. түзу тұрған қолды айналдыру;
  5. қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпінді де, осы қимылдар бірнеше қайталанады; екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді («бокс»);
  6. қолды жоғары көтеріп тұрып төмен түсіру, керісінше қайталау; қолды түзу ұстап, алға, жоғары, төмен т. б. түрлі бағыттарға созу. Мұндай қозғалыстарды барлық бағытта істеген жөн.

Дене тұлғасына арналған жаттығулар . Гимнастикалық жаттығуларды бастарда аяқтың арасын алшақтау ұстап, қолды мықынға немесе иық денгейіне қояды;

  1. денені екі жаққа кезек бұру;
  2. оң мен солға кезек иілу;
  3. алға иілу (қолды еденге жеткізу керек);
  4. екі аяққа кезек иілу;
  5. денені мықын арқылы ырғай қозғау.

Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар . Бастапқы қалып — орындықтын шетіне отырып, жиегінен ұстайды;

  1. тізені бүгіп, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады (жоғарырақ) да, біртіндеп төмен түсіреді; аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіреді. Осы жаттығуды жерде (кілемде) жатып та жасауға болады;
  2. аяқты алма-кезек тізені бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.

Аяққа арналған жаттығулар . Аяқты қосып ұстап түрегеліп тұрып:

  1. аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі;
  2. аяқтың ұшымен көтеріліп, содан кейін төмен түсерде жартылай иіледі;
  3. бір нәрсеге қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды;
  4. бастапқы қалыптағыдай қолды белге таяныш, одан кейін оны екі жайға қарай созып бір тұрып, бір отырады;
  5. қолмен таянып тұрып, аяқты алма — кезек жан-жаққа сілтей қозғалды. Аяқты алшақтау ұстап, екі аяққа алма — кезек иіледі (тізеден қолмен ұстауға болады).

Бүкіл дененің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар . Бұл жаттығуларды әртүрлі қалыпта орындайды:

  1. аяқты созып жіберіп, екі қолмен жер тірей жатады (бұл кезде дене жерге тимеуі тиіс), одан кейін бастапқыға қайта оралады;
  2. аяқты алшақтау ұстап, (екі қол белде) оң қолды жоғары көтеріп сол жаққа иіледі, одан кейін бастапқы қалыпқа оралып, осы қозғалысты екінші жаққа қайталайды;
  3. әуелі түрегеп тұрып, содан соң отырады, одан кейін аяқты артқа жіберіп қолмен жер тірейді, қайтадан бастапқы қалыпқа келеді;
  4. денені оңға қарай бұрып және сол аяқты тіреп, оң аяққа сол қолдың саусақтары жеткенше еңкейеді (ал екінші қол артта қалады), сосын бастапқы қалыпқа қайта оралады (екінші бағытқа да осылай жасалады);
  5. бастапқы қалып — тізені бүгіл еденге отырады да, екі қолды артқа жібере жер тірейді, одан кейін оң аяқты жоғары көтеріп, сол қолды осы аяқтың ұшына дейін жеткізуге тырысу керек, бұл кезде оң қол мен сол аяқты бірқалыпты жағдайда ұстаған жөн. Бұл жаттығушы орындауға қиналатындар бір қолды ғана тік ұстап тұрып, денені жер тірел отырған қол жағына қарай бұрғаны жөн (осыны екінші жаққа қарай қайталайды);
  6. бастапқы қалып — табан тірел жүрелей отырып, денені алға қарай жіберіп, қолмен жер тірейді, сосын дене мен аяқты жаза келе, жерді тірел жатады. Бұл кезде екі аяқты алма-кезек артқа созыл отырады.

Секірулер . Өз бетімен гимнастикамен айналысушылар үшін секірудің түрлерін мынадай екі негізгі топқа бөлуге болады: екі немесе бір аяқтан секіру (яки екі аяқпен кезектесе секіру). Аздаған өзгерістерді қолдың, аяқтың қозғалыстары арқылы реттеуге болады.

Секірудің мынадай варианттары бар:

  1. аяқ бірге, қол белде;
  2. сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру (2—4 рет бір жаққа қарай, осынша рет екінші жаққа қарай секіреді);
  3. аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру;
  4. секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек ауыстырыл қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау және қайтадан төмен түсіру, артқа және алға шапалақтау;
  5. әр аяқпен алма-кезек 2—4 реттен секіру;
  6. әуелі екі аяқпен, содан кейін бір аяқпен секіру, одан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты. Секіргенде аяқтың ұшымен секіру керек. Бұл, әсіресе, егде адамдар үшін өте пайдалы. Олар денелері зіркілдемес үшін екі аяқпен алма-кезек секіргендері жөн. Секіру — денені неғұрлым көбірек қозғалысқа түсіретін жаттығу. Мұнда организмнің барлық бұлшық еттеріне күш түседі. Бұл — күш түсірудің ең шарықтау шегі, одан кейін оны біртіндеп, төмендету керек, сонда тыныс алу бір қалыпқа келіп, жүрек соғысының жиілеуі де бірте-бірте реттеледі.

                      Пайданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Интернет желісі
  2. Дене шынықтыру кітаптары; Тайжанов, Қасымбеков.

«АДАЛДЫҚ САҒАТЫНДА» МАҚПАЛ МЫСА:
«ПАРАСАТ – ПРОГРЕСС – КӨЗҚАРАС»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатының» кейіпкері ақын Мақпал Тәжмағамбетова болды.
Нәзік жырларымен өлең сүйер оқырмандарын сусындатып жүрген ол Алматы облысында дүниеге келген.
Ел аузында Мақпал Мыса деген атпен танымал ақын талай жыр додаларының жүлдегері, атап өтсек, «Алтын тобылғы» байқауының бас жүлдегері, Қазақстан жазушылары және журналистері одағының мүшесі, «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.
«Бақыттың мәні – парасаттылықта. Ақыл-парасат күші – жақсы мен жаман қылықты айыруға, дүниедегі ізгіліктің күшін игеруге үндейтін, жол ашатын күш» деп сұхбатын бастаған Мақпал Мыса, жас буынға берген тәрбиедегі адами құндылықтардың қаншалықты маңызды екенін айтып өтті.
«Елдік мінез қалыптастыру», яғни Отансүйгіштікке тәрбиелеу мен рухани азық беру арқылы, сана сілкінісін жасауға болатындығын жеткізді.
«Парасат – қараңғыдағы шырақ» дей келе, парасат шыңына тек адам ішіндегі әділдік сезімі арқылы ғана жету мүмкін екендігін, ал оның жас жеткіншек бойына берілетін мейірім мен шапағат арқылы қалыптасатындығын айтты.
Сондай-ақ, онлайн-дәріс барысында балаға үйдегі берілетін тәрбие, үлкендерден алған өсиет пен өнегесі, білімі мен ақылы болашағына жарық беретінін жеткізді.
Бүгінде М. Тәжмағамбетова халық қалаулысы атанып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
«Қайырылғанда қайрайтын, қарайғанда ағартар – үміт, сенім, мейірім, махаббат, достық, ізгілік сияқты ұлы қасиеттер» деп ақынның өзі айтқандай, адам бойындағы барша ізгі қасиеттер бүгінде парасаттылық ұғымына топтасып тұрғандай.
Тек оқырман сүйіспеншілігіне ғана ие болмай, сенім артқан ел базынасын да шешуге ат салысып жүрген тұлғаның жастарға парасаттылық туралы айтқан сөздері көзі қарақты жастардың жүрегінен орын табады деп есептейміз.

Бейне-дәріске сілтеме:

Білім платформасының сапасы қандай?

Бұл сұраққа «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлері жауап беруге тырысты. Нәтижесінде оқушылар қолданысындағы онлайн платформа жұмысына зерделеу жүргізген.

         Зерделеу жұмыстарының нәтижесі облыс әкімінің қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында баяндалды.

Мониторингпен оқушылар қандай платформаларды қолдануда , оқу барысында қандай қиындықтармен кездесуде, ауылдық жерлерде интернет желісінің жағдайы қамтылды.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу сайтына жүргізілген мониторинг 2021 жылы Жамбыл облысы бойынша «Daryn.online» ЖШС-мен  оқу платформасын орнатуға 73 млн. теңгеден астам келісім-шартқа жасасқанын көрсетті.

Жүргізілген мониторинг қала және аудандар арасында бөлінген бюджет қаражатымен оқушы санын салыстырғанда тепе-теңдіктің жоқ екендігін көрсетті.

Мәселен: Тараз қаласына 76 000 оқушыға 15 352 000 теңге қаражат бөлінсе, Байзақ ауданына  21 602 оқушыға 12 961 200 теңге бөлген. Оқушылар санының айырмашылығы 250% адам, ал бөлінген қаражат айырмашылығы 18%. Қордай ауданына 30 599 оқушыға 6 270 000 теңге қаражат бөлінсе, Байзақ, Меркі, Жамбыл аудандарына оқушы саны әлдеқайда төмен болуына қарамастан бөлінген қаражат әлдеқайда жоғары.

Жүргізілген мониторинг бюджет қаражатының бөлінуі кезіндегі тепе-теңсіздік барлық ауданда орын алғандығын көрсетті. 

Сондай-ақ, жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша Талас ауданына «DarynOnline» платформасын енгізу бойынша ақпарат табылмады.

Сонымен қатар, «DarynOnline» платформасына зерделеу жүргізу барысында аудандық адалдық алаңы филиалдарының жетекшілері  шалғайда орналасқан 55 мектеп оқушысынан сұрақ-жауап алды. Нәтижесінде  оқушылар бірнеше ауылдарда интернет жылдамдығына және «DarynOnline» платформасының ыңғайсыздығына шағымданды.

Нақтырақ айтқанда, Байзақ ауданы Мырзатай ауылы Мырзатай орта мектебінің оқушысы Темірланқызы Диана және Дихан ауылының Дихан орта мектеп оқушысы Нұрдаулет Бақтиярұлы интернеттің жылдамдығы нашар, «DarynOnline» платформасы түсініксіз қосымша деп айтып өтті.

Ал, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылының орта мектеп оқушысы Тоқсанбаев Наргиза аталмыш платформаның орнына, «Whatsapp» желісі арқылы ыңғайлы екенін басып айтты.

Аталған кемшіліктерді ескере отырып, Бюджет қаражатының тиімсіз қолданылуын болдырмау мақсатында, «Daryn Online» платформасын енгізуде бөлінген қаражаттың және аудандарға бөлу негізділіген толық зерделуді ұсынамыз.

Мемлекеттік грантта кімдер оқуда?

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік грантты бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізген болатын. Мониторинг қорытындысы облыс әкімінің қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында баяндалды.

Жүргізілген мониторинг жұмыстары қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаумен 46 колледж айналысатындығын көрсеткен.

         Зерделеу барысында мемлекеттік грантта оқыған колледж студенттердің жұмыспен қамтылу дәрежесін анықтау мақсатында  3720 колледж түлектері арасында жобалық кеңсе қызметкерлерімен телефон арқылы жасырын сауалнама жұмыстары жүргізілді.

         Сауалнама қортындысы көрсеткендей оқу бітірген соң тек 583 түлек кәсіптік мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылғаны белгілі болды.        Бұл өте аз, мемлекет бюджетінен тиісті саланың маманын даярлауға қаражат бөлініп, есесіне тек 15-20% түлектер мамандығы бойынша жұмыс атқарып отыр деген сөз.

         Сонымен қатар, кадр сұранысына жүргізілген зерделеу нәтижесі мен мамандық бойынша бөлінген гранттар келесіні жағдайды көрсетті.

         2020 жылы «Бағалау» мамандығы бойынша 50 студент мемлекеттік грантпен оқып диплом алса, мониторинг жұмыстары аталған мамандыққа облысымызда ешқандай сұраныс жоқ екендігін көрсетті. Дәл сол жылы «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша 48 студент диплом алған. Облыс бойынша аталған мамандыққа сұраныс жоқ.

Ал, облысымызда сұраныс жоғары мамандықтарға мемлекеттік гранттар аз бөлінеді: «Аспазшы» мамандығына сұраныс 101 орын болса, аталған мамандыққа тек 21 мемлекеттік грант бөлінген. «Шаштараз» мамандығына сұраныс 95 болса, бөлінген грант 46, дәл солай, «фермер» мамандығына облыс бойынша сұраныс 149 болса, бөлінген грант тек 10 ғана.

         Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, сұранысы жоғары мамандықтарға мемлекеттік грант аз бөліп, керісінше сұранысы жоқ мамандықтарға грант бөлу бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуы деп есептейміз – деп сөзін аяқтады жобалық кеңсе жетекшісі Назима Норманбекқызы.  

Бюджетті тиімді жоспарлау

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталының ақпаратына талдау жүргізу арқылы бюджеттік қаражатты үнемдеуге өз үлесін қосуда.
Демек, департамент мемлекеттік орган мен мекемелердің мемлекеттік сатып алулар жүйесіне енгізген жоспарларын зерделеу арқылы, ондағы сатып алу бағаларының жоғарлылығын анықтаған.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен мемлекеттік органдардың сатып алу бағалары төмендеу жағына қарай өзгертіле отырып қайта қаралса, кейбір сатып алулардан мүлдем бас тарту арқылы 768 млн. теңгеден аса бюджеттік қаражат үнемделді.
Мысалы, Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 78,5 млн. тг. «жаялық» (подгузник) мемлекеттік сатып алу арқылы алуды жоспарлаған. Жоспар бойынша жаялықтың (подгузник) 1 данасы 250 тг. деп көрсетілген, ал «Сатып алудың біріңғай терезесі» веб-порталы 1 дана жаялықтың (подгузник) медианалық бағасы өлшеміне қарай 80-180 тг. аралығын құрайды. Бағаның негізсіз жоғары болуына байланысты ұсыныс негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудан бас тартқан.
Сол сияқты, облыстық полиция департаменті бюджеттік жоспарлау барысында флеш-картаны 1 данасы 235 714 теңге (жалпы соммасы 9,4 млн.) деп көрсетілген, ұсыныс енгізілген сон сатып алу бағасы қайта қаралып бір данасы 2357 теңге (сатып алудың жалпы соммасы 94 285 теңгені құрады) түсіріліп нәтижесінде 9,3 млн. теңге үнемделді.
Тектес жағдай, 1 дана компьютер бағасын 600 000 теңгеге (жалпы 12 млн.) жоспарлаған Шу ауданы әкімі аппаратында да орын алды. Департаменттің ұсынысымен нарықтық баға негізінде сатып алу бағасы қайта қаралып 300 000 теңгеге түсіріліп, 6 млн. бюджеттік қаражаты үнемделді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Ең белсенді мемлекет қайраткері» атанды

Қазақстандықтар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевты ең белсенді мемлекет қайраткері деп санайды. Бұл туралы NUR.KZ. ақпарат агенттігінің сайтында онлайн дауыс беру нәтижелері көрсетті.
Ақпараттық агенттіктің мәліметінше, А.Шпекбаев елдегі сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған барлық бастамалары үшін осындай оң бағаға ие болды.
Азаматтардың дауыс беру нәтижесіне сәйкес, Антикор басшысының қалалық, аудандық және ауылдық әкімдіктерді сервистік жұмыс үлгісіне көшіру, «open space» форматын жаппай енгізу және пара беру ұсынысын криминализациялау секілді жарқын бастамалары қолдау тапқан екен.
Бұл – мемлекеттік органдардың жұмысын ашықтық, қолжетімділік және есептілік қағидаттары арқылы трансформациялауға бағытталған Агенттік төрағасының идеяларының азаматтар арасында кең қолдау тапқанын айғақтайды.
Үстіміздегі жылдың 18 ақпанынан 13 сәуіріне дейін екі ай бойы жүргізілген NUR.KZ-тің «Халық дауысы 2021» онлайн-дауыс беру барысында портал оқырмандары ел тізгінін ұстаған басшылардың қызметі мен республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың дамуына баға берді. Оған еліміздің кез-келген тұрғынының қатысу мүмкіндігі болды.