В 323 организациях жамбылской области работают независимые комплаенс-службы для борьбы с коррупцией

Одним из лучших методов борьбы со взяточничеством является внедрение независимых комплаенс-служб. В 323 организациях квазигосударственного сектора региона подобные службы уже работают.

 «На сегодня в мире основным инструментом обеспечения корпоративной добропорядочности и искоренения коррупции является эффективная деятельность независимых служб комплаенс в рамках управления рисками и внутреннего контроля. Одной из основных задач специалистов комплаенс-служб – предупреждение коррупции и защита деловой репутации организации. Важнейший приоритет – это профилактика», – отметил руководитель департамента Агентства РК по противодействию коррупции по Жамбылской области Адильхан Аширбаев

Также было отмечено о соблюдении корпоративных стандартов в организациях квазигосударственного сектора, что соответственно должно стать одним из приоритетов для руководителей данных организаций.

«Необходимо безотлагательно и качественно организовывать полноценное функционирование комплаенс-служб. Кроме того, Президентом страны только за 2019-2020 годы подписаны три пакета законов по усилению борьбы с коррупцией. Законом реализованы прозвучавшие в Послании поручения об ужесточении наказания за коррупционное преступление и внедрение новых инструментов по противодействию коррупции. Наряду с существенным ужесточением уголовного законодательства приоритет в борьбе с коррупцией переносится на профилактику и предупреждение коррупционных правонарушений», – подчеркнул  Адильхан Аширбаев.

По сообщению главы регионального ведомства в Закон «О противодействии коррупции» внесена поправка, которая гласит: «В субъектах квазигосударственного сектора определяются структурные подразделения, исполняющие функции антикоррупционных комплаенс-служб, основной задачей которых является обеспечение соблюдения соответствующей организацией и её работниками законодательства РК о противодействии коррупции. Субъекты предпринимательства, не являющиеся субъектами квазигосударственного сектора, вправе создавать антикоррупционные комплаенс-службы».

          Руководство ТОО «Тұрғын үй Жөндеу-Тараз» отметил, что предприятием принимаются комплексные меры по противодействию коррупции, обеспечению прозрачности проводимой работы и общественного контроля.

«Для того, чтобы граждане могли обратиться к нам напрямую, открыта телефонная линия, она работает круглосуточно, 7 дней в неделю. По нему можно обращаться по всем вопросам касательно нашей деятельности, а также по фактам коррупционных проявлений», – заявил руководитель ТОО «Тұрғын үй жөндеу-Тараз» Кенжехан Абжанов.

Жамбыл облысындағы 323 ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кұреске бағытталған тәуелсіз комплаенс-қызметтер жұмыс істейді

Парақорлыққа қарсы ең жақсы тәжірибелердің бірі тәуелсіз комплаенс-қызметтер енгізу болып табылады. Мұндай қызметтер қазірдің өзінде облыстың квазимемлекеттік секторының 323 ұйымында жұмыс істейді.

«Бүгінде әлемде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шеңберінде корпоративті парасаттылықты қамтамасыз етудің және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі құралы тәуелсіз комплаенс- қызметтерінің тиімді жұмысы болып табылады. Комплаенс-мамандардың негізгі міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау. Маңызды басымдық -алдын алу», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев.

Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративті стандарттардың сақталуы туралы, сонымен бірге, ол сәйкесінше осы ұйымдардың басшылары үшін басымдықтардың біріне айналуы керектігі туралы айтылды.

«Біз шұғыл және тиімді түрде комплаенс-қызметтердің толыққанды жұмыс істеуін ұйымдастыруымыз керек. Сонымен қатар, тек 2019-2020 жылдары ғана ел Президенті сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту туралы үш заңға қол қойды. Заң Жолдауда айтылған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазаны қатаңдату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа құралдарды енгізу жөніндегі нұсқаулықты жүзеге асырады. Қылмыстық заңнаманы едәуір қатайтумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басым бағыты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен болдырмауға ауысады», – деп атап өтті Әділхан Әшірбаев.

Өңірлік ведомство басшысының мәлімдеуінше, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға келесі өзгеріс енгізілді, онда: «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер айқындалады».

«Тұрғын үй Жөндеу-Тараз» ЖШС басшылығы кәсіпорында сыбайлас жемқорлықпен күресу, жүргізілген жұмыстың ашықтығы мен қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Азаматтардың бізге тікелей хабарласуы үшін телефон желісі ашылды, ол аптасына 7 күн, тәулік бойы жұмыс істейді. Оны тұрғындар біздің қызметімізге қатысты барлық сұрақтарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша пайдалана алады», – деді «Тұрғын үй жүндеу-Тараз » ЖШС басшысы Кенжехан Абжанов.

Жамбыл облысында АӨК кешенді субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысы талқыланды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуді бастады.

Бұл жұмыстың мақсаты – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық, әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Осыған орай, «Antikor» сервистік ауыл шаруашылығы саласына субсидия бөлу мәселесіне жауапты мекемелердің және шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс отырысы болып өтті.

Кездесу барысында аталған салаға қатысты проблемалық сұрақтар мен субсидия беру тәжірибесі және оны жақсарту жолдары бойынша ұсыныстар талқыланды.

Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының, «Аграрлық Несие Корпорациясы», «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалдарының, сонымен бірге кәсіпкерлер палатасының басшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев талдаудың барысында барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің тәжірибесі, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданатындығы туралы айтты.

Равиль Төлебаев: «Бұл салада жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Мүмкін бұл бірыңғай жауапты қадағалаушы органның болмауынан, нормативтік құқықтық базаның жиі өзгеруінен, кезек күту, жоспарлау және субсидия беру процедураларының ашықсыздығынан, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әлсіз интеграциясымен байланысты шығар. Осы жылдың шілде айының соңына дейін субсидиялау процедураларына, бюджеттік қаражатты әділ және тиімді бөлуге, ауылдағы әл-ауқатты жақсартуға, сондай-ақ азаматтарға нақты өндірілген өнімнен пайда табуға жаңа тәсілдер әзірленеді».

Өз кезегінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаевжүйелі проблемалар мен әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында тұрақты негізде агроөнеркәсіп кешені саласындағы субсидиялаудың мемлекеттік бағдарламасына талдау жүргізетіндігін атап өтті.

«Мәселен, «инвестсубсидия» аясында ағымдағы жылдың 5 айында Жамбыл облысының агроөнеркәсіп субъектілерімен 1454 өтінім берілді, оның ішінде 446 өтінім (30,67%) жұмыс органымен түрлі себептер бойынша қабылданбады. Бас тартылған өтінімдердің негізгі үлесі 1 паспорт, ол «Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды сатып алу». (Паспорттар бөлінісінде: – ауыл шаруашылығы техникасы – 241 (54%); тамшылатып суару – 107 (24%); жайылымдарды суландыру – 81 (18%); басқалары-17 (4%). Сонымен қатар, бас тартудың ең көп таралған себептері: Төлемді растайтын құжаттардың болмауы; Шарттағы/өтінімдегі банк деректемелерінің сәйкес келмеуі; Қате деректер, ЭШФ, фискалды чектің болмауы және т. б. Қазіргі уақытта бар проблемаларды егжей-тегжейлі зерттеу үшін біз бірнеше рет бас тартқан шаруалармен интерактивті кездесу өткізіп жатырмыз», – Еркін Атымтаев.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен «Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» (ИСС) бағдарламасына арнайы комиссияның қорытындысы болмауына байланысты кәсіпорындардың өтінімдері қабылданбайтындығы туралы хабарланды. Сонымен қатар, жыл басынан бері кәсіпкерлерден оларға тиесілі субсидияны ала алмауларына қатысты ауызша да, жазбаша да өтініштер келіп түсуде. Мәселен, өтініштер Жуалы ауданының ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінен келіп түскен, онда 2020 жылдан бастап сүт өңдеу зауыттарына тапсырған сүті үшін субсидиясын алмаған (бұл мәселені облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы қаражаттың жетіспеушілігімен түсіндіреді). Алынбаған субсидия сомасы 279 млн. теңгені құрайды. Бұл өз кезегінде саланың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді.

          Ал сала мамандары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша нормативтік құқықтық актілерге бірқатар ұсыныстар енгізді.

          «Қағидаға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, жергілікті ветеринариялық қызмет, өзін-өзі басқару органы жауапты тағы басқа қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия тауарөндірушіден түскен өтінімдегі деректердің дұрыстығын тексеру туралы АКТ жасау туралы өзгеріс енгізілуі қажет деп есептейміз. Өтінім беру кезінде жалған ақпарат берген және субсидия алумен байланысты өзіне алған  міндеттемелерді орындамаған мемлекеттік қолдау тетігінен пайдаланған (субсидия)  шаруашылық субъектілерінің реестрін құрып «Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» не енгізу және оларды  субсидия алу құқығынан пайдалануға 3 жыл мерзімге шектеуді, техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 түрін енгізңп, мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Бір терезе» қағидаты бойынша  арқылы іске асыруға болатынын қарастыруды ұсынамыз», – деді Жамбыл облысы әкмідігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев.

          Кездесу барысында кәсіпкер тәуліктік балапанды сатып алып үшін субсидиялар бөлінбейтіндігі туралы шағымын білдірді.

          Талқылай келе, Равиль Қуанышбайұлы уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларына аталған мәселемен бірге басқа да проблемалық сұрақтар бойынша түпкілікті зерделеп, дайындалып келуді тапсырды.

          Қорытындылай келе, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою мақсатында субсидия бөлу мәселесіне жауапты мекемелердің қатысуымен жүмыс отырыстары әр аптаның сәрсенбі күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өтетіндігі туралы шешім қабылданды.

          Барлық проблемалық сұрақтар мен бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша taldau@antikor.gov.kz электрондық поштасы, сондай-ақ +7 778 668 99 20, Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаевқа + 7 775 332 6482 WhatsApp нөмірі арқылы хабарласуды сұраймыз!

Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері және (кәзіргі онлаин сабақ үй жағдайында жасалатын жaттығуларға арналған қауіпсіздік ережелері)

Жамбыл облысы, Тараз қаласы.

Физика-матетика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Құрастырған денешынықтыру мұғалімдері: Досымбеков Баглан Нуржанович, Ногайбеков Нуркен Маликович, Есалиев Акмерген Алимбаевич, Токтаганов Талгат Канатович.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе-жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.

Сабаққа спорт үйірмесіне келген  оқушы  арнайы  спорт  киімдерін  киіп, оның  таза  болуын  қадағалауды  міндеттейді;

Сабақ бастадларда оқушы  денесінің  ыстығы  көтеріліп т.б. аурулармен  ауырып тұрса,  мұғалімге  өз денсаулығы  жайында  ескерту  керек.

Оқушылар назарына;

Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне  тағайындалған  ойындар  мен  жаттығуларды  орындамау  керек.

Спорт залдағы  электр  резеткалары  мен  электрощиттеріне  тиіспеу  керек;

Спорт, алаңда  орнатылған, құрылған  спорт  құралдарын  мұғалімнің  рұқсатынсыз  тиіспеу  керек;

Гранат, кіші доп т.б. құралдары алысқа  және  нысанаға лақтырған  кезде  қауіпті алаңға, сырттан  адам, не мал кіріп  кеткен  кезде  жаттығуды  тоқтату  керек.

Үй жағдайында орындалатын жаттығуларға арналған  қауіпсіздік ережесі;

Таң ертеңгілік жаттығулар жасаған кезде бірінші ұйқыдан дұрыс ояну керек. Басымызды солға және оңға бұру, оң және сол қолды көтеру (бірнеше рет). Аяқттарды да кезек-кезек көтеру. Осы жаттығуларды дұрыс орындаған жағдайда ағзамыздың жақсы жұмыс істеуіне кепіл. Жүрек соғуы  қаннымыздың дұрыс айналуына жоғарыда айтылған жаттығулар септігін тигізеді.

Таң ертеңгілік гимнастикалық жаттығулар үшін;    

Таң ертеңгілік жаттығулар: таза ауада серуендеу, жүгіру, жалпы дамыту жаттығулары және т.б. жаттығулар жасау.

Ертеңгілік гигиеналық гимнастика — таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары. Ұйқы кезінде адамның орталық нерв жүйесі де тынығады. Бұл кезде жүректің соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босап, организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке жүйесі мен әр түрлі органдардың қызмет белсенділігі арта бастайды. Алайда белсенділікке көшу процесі ұзаққа созылып кеткен жағдайда оның жұмыс қабілетіне (дене және ой еңбегінде де) елеулі әсер ететіні ақиқат. Ондайда адамның ұйқысы ашылмай, дел-сал күйде жүреді, ашушаң болады. Ал дене жаттығуларын орындау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар орталық жүйке жүйесін белсенді жұмыс істеуге ыңғайлайды. Сонымен қатар ішкі органдардың жұмыс істеу қабілеті жақсарып, өзін сергек сезінген адамның еңбекке деген ынтасы да артады. Таңертең дене тынықтыру үшін радио мен телевизиядан берілетін жаттығулар жүйесін пайдаланған ыңғайлы. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса, өз бетінше қарапайым жаттығулар жүйесін ойластырған тиімді. Мұны мынадай принциптерге сүйене отырып істеген жөн. Ең бастысы — жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек қозғалысқа түскені дұрыс. Жаттығулар бірте-бірте күрделене түсуге тиіс: бірақ бұл алғашқы жаттығуларға қатысты емес. Әйтсе де жаттығу комплексін аяң жүрістен бастайды. Аяң кезінде адам организміне үлкен күш түспесе де, жүйке орталықтары біртіндеп қалыпты деңгейге келеді де, тыныс алу органымен жүрек өз қызметін қайтадан жандандырады. Жаттығуды керілуден бастауға да болады: бұл вариант көбіне денсаулығы нашар, қартаң адамдарға дұрыс. Мұндай жағдайда аяңдау екінші жаттығудың орнына жүреді. Одан кейінгі жаттығулар анатомиялық принцип бойынша бүкіл дененің бұлшық еттерінің әр түрлі бөліктеріне қаншалықты әсер ететіндігіне қарай таңдалып алынады. Төменде дене тынықтыру жаттығуларының неғұрлым дәстүрлі варианттары ұсынылып отыр.

Аяң. Аяңдап (бірқалыпты) жүру (бір орында тұрып жүруге де болады).

Керілу жаттығулары . Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі қолды желнеге қойып, содан кейін бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жайға қарай созады, одан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Бұл жаттығу тыныс алу органының жұмысына жақсы әсер етеді. Жаттығу кезінде екі иық пен басты артқа қарай шалқайта тұрып, дененің барлық бұлшық еттерін қозғалысқа келтіру қажет. Жаттығу барысында қолды жоғары көтерген сәтте саусақ ұшына қарап тұрған жөн. Керілу кезінде аяқтың ұшымен тұру арқылы жаттығуды күрделілендіруге болады. Жаттығу баяу, ақырын жасалуға тиіс. Ырғақ: 1—2 — керілу — тыныс алу; 3—4 —бастапқы қалыпқа оралу дем шығару.

Қол және иыққа арналған жаттығулар :

  1. жайға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ию және қайтадан жазу;
  2. осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау;
  3. қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау;
  4. түзу тұрған қолды айналдыру;
  5. қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпінді де, осы қимылдар бірнеше қайталанады; екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді («бокс»);
  6. қолды жоғары көтеріп тұрып төмен түсіру, керісінше қайталау; қолды түзу ұстап, алға, жоғары, төмен т. б. түрлі бағыттарға созу. Мұндай қозғалыстарды барлық бағытта істеген жөн.

Дене тұлғасына арналған жаттығулар . Гимнастикалық жаттығуларды бастарда аяқтың арасын алшақтау ұстап, қолды мықынға немесе иық денгейіне қояды;

  1. денені екі жаққа кезек бұру;
  2. оң мен солға кезек иілу;
  3. алға иілу (қолды еденге жеткізу керек);
  4. екі аяққа кезек иілу;
  5. денені мықын арқылы ырғай қозғау.

Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар . Бастапқы қалып — орындықтын шетіне отырып, жиегінен ұстайды;

  1. тізені бүгіп, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады (жоғарырақ) да, біртіндеп төмен түсіреді; аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіреді. Осы жаттығуды жерде (кілемде) жатып та жасауға болады;
  2. аяқты алма-кезек тізені бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.

Аяққа арналған жаттығулар . Аяқты қосып ұстап түрегеліп тұрып:

  1. аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі;
  2. аяқтың ұшымен көтеріліп, содан кейін төмен түсерде жартылай иіледі;
  3. бір нәрсеге қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды;
  4. бастапқы қалыптағыдай қолды белге таяныш, одан кейін оны екі жайға қарай созып бір тұрып, бір отырады;
  5. қолмен таянып тұрып, аяқты алма — кезек жан-жаққа сілтей қозғалды. Аяқты алшақтау ұстап, екі аяққа алма — кезек иіледі (тізеден қолмен ұстауға болады).

Бүкіл дененің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар . Бұл жаттығуларды әртүрлі қалыпта орындайды:

  1. аяқты созып жіберіп, екі қолмен жер тірей жатады (бұл кезде дене жерге тимеуі тиіс), одан кейін бастапқыға қайта оралады;
  2. аяқты алшақтау ұстап, (екі қол белде) оң қолды жоғары көтеріп сол жаққа иіледі, одан кейін бастапқы қалыпқа оралып, осы қозғалысты екінші жаққа қайталайды;
  3. әуелі түрегеп тұрып, содан соң отырады, одан кейін аяқты артқа жіберіп қолмен жер тірейді, қайтадан бастапқы қалыпқа келеді;
  4. денені оңға қарай бұрып және сол аяқты тіреп, оң аяққа сол қолдың саусақтары жеткенше еңкейеді (ал екінші қол артта қалады), сосын бастапқы қалыпқа қайта оралады (екінші бағытқа да осылай жасалады);
  5. бастапқы қалып — тізені бүгіл еденге отырады да, екі қолды артқа жібере жер тірейді, одан кейін оң аяқты жоғары көтеріп, сол қолды осы аяқтың ұшына дейін жеткізуге тырысу керек, бұл кезде оң қол мен сол аяқты бірқалыпты жағдайда ұстаған жөн. Бұл жаттығушы орындауға қиналатындар бір қолды ғана тік ұстап тұрып, денені жер тірел отырған қол жағына қарай бұрғаны жөн (осыны екінші жаққа қарай қайталайды);
  6. бастапқы қалып — табан тірел жүрелей отырып, денені алға қарай жіберіп, қолмен жер тірейді, сосын дене мен аяқты жаза келе, жерді тірел жатады. Бұл кезде екі аяқты алма-кезек артқа созыл отырады.

Секірулер . Өз бетімен гимнастикамен айналысушылар үшін секірудің түрлерін мынадай екі негізгі топқа бөлуге болады: екі немесе бір аяқтан секіру (яки екі аяқпен кезектесе секіру). Аздаған өзгерістерді қолдың, аяқтың қозғалыстары арқылы реттеуге болады.

Секірудің мынадай варианттары бар:

  1. аяқ бірге, қол белде;
  2. сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру (2—4 рет бір жаққа қарай, осынша рет екінші жаққа қарай секіреді);
  3. аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру;
  4. секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек ауыстырыл қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау және қайтадан төмен түсіру, артқа және алға шапалақтау;
  5. әр аяқпен алма-кезек 2—4 реттен секіру;
  6. әуелі екі аяқпен, содан кейін бір аяқпен секіру, одан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты. Секіргенде аяқтың ұшымен секіру керек. Бұл, әсіресе, егде адамдар үшін өте пайдалы. Олар денелері зіркілдемес үшін екі аяқпен алма-кезек секіргендері жөн. Секіру — денені неғұрлым көбірек қозғалысқа түсіретін жаттығу. Мұнда организмнің барлық бұлшық еттеріне күш түседі. Бұл — күш түсірудің ең шарықтау шегі, одан кейін оны біртіндеп, төмендету керек, сонда тыныс алу бір қалыпқа келіп, жүрек соғысының жиілеуі де бірте-бірте реттеледі.

                      Пайданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Интернет желісі
  2. Дене шынықтыру кітаптары; Тайжанов, Қасымбеков.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі және «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі Антикор орталығымен таныстыцку

         Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

               Жұмыс сапарының алғашқы нысаны «Antikor» сервистік орталығы болды.

               Жұмысшы топ өкілдері орталықта АМТ мүшелері, «Жамбыл адалдық алаңы» ЖО, ақпараттық – насихаттық штаб мүшелері мен қоғам белсенділерімен кездесті.  

               Жиын барысында сөз алған «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел «Мен адалдықты, әділдікті жақсы көремін. Менің басты құндылықтарымның бірі — әділеттілік. Сондықтан біздің қоғамда өмір сүретін әрбір адам өзіне, өмірге, балаларға, қоғамға, Отанға деген әділ болуы керек. Ол кезде сыбайлас жемқорлық, ұрлық және басқа да қиыншылықтар болмас еді», – деп түйіндеді.

Сондай-ақ, «Сервистік орталықтардың» маңыздылығына да тоқталды. Бұл жоба Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылады, онда транспаренттілік, есептілік және қоғамдық диалог құру бірінші орынға шығады. Бұл ретте сервистік әкімдікте келушілер үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.

               Одан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева жиынға қатысушыларға Агенттіктің саясаты мен атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар,  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалысына мән берілді. Оның ішінде 2018-2020 жылдарға арналған жоспардың тармақтарын өңірдегі орындалысы жайында сөз қозғалды.

               Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері, сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамаға енгізілген өзгерістерді де атап өтті.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «1424» Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету жайы да назардан тыс қалмады

«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы

Ағымдағы жылдың 05 ақпанында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша  департаменті және «Атамекен» ӨКП бірлесіп кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдау туралы «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында кеңес өткізді.

Атаған кеңеске қаланың кәсіпкерлері мен жергілікті атақарушы орган өкілдері офлайн форматта қатысса, ал аудандық кәсіпкерлер селектор арқылы камтылды.

Іс шара барысында Департамент басшысы Әділхан Әшірбаев жобаның мақсаты жайлы баяндап, кәсіпкерлердің инвестиция салу мәселелері қызу талқыға салынды. Кеңес барысындағы кәсіпкерлердің жер бөлу және құрылыс жұмыстары бойынша шешілмей жатқан 5 сұрағы бақылауға алынды.

Кеңес қорытыдысымен Департамент, инвестициялық құны 2,55 млдр. теңгені құрайтын «АСА DAMU» ЖШС-мен құс фабрикасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісіміне отырды.

«Парасат жолы» жобасы аясында  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шырағы» әдеби кеші

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасы аясында ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап Республика аумағында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Жоба басталғаннан бастап Жамбыл облысында жалпы саны 30 іс-шара ұйымдастырылып, іс-шараларға зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Халықаралық әйелдер күні  – 8 наурызда тойланатын мейрам. Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды . 1975 жыл – Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда 8 наурыз демалыс күні боп табылады.

Іс-шара қонақтары:

–           Битенова Үміт Қыранқызы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Талас аудандық мәслихат депутаты, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі;

–           Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары;

–           Абдинова Эльмира Елеусізқызы – Шохан Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі;

Сөз сөйлеушілер:

–           Қуанышбай Мейірман Жарылқасынұлы – Жамбыл жоғары мед.колледжі домбырамен ән айтады;

–           Омар Диана Ахметбекқызы – Жамбыл жоғары мед.колледжі / мәнерлеп оқу;

–           Оңалбек Аружан Айдосқызы – Жамбыл жоғары мед.колледжі / мәнерлеп оқу;

–           Мұстафа Әбдірайым Жарасбайұлы – Тараз иновациялық-гуманитарлық университеті / мәнерлеп оқу;

–           Құдайберген Еркенұр – Тараз иновациялық-гуманитарлық университеті / мәнерлеп оқу.

Қазақстан мен Иорданияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары тәжірибе алмасты

Агенттіктің шетелдік серіктестерінің желісін кеңейту мақсатында Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының (бұдан әрі – комиссия) басшылығымен және Иорданияның Қазақстандағы елшісі Юсуф Абдельганимен онлайн-кездесу өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Алик Шпекбаев иорданиялық әріптестерін жұмыс нәтижелерімен және елімізде жүргізіліп жатқан кешенді реформалармен таныстырып, саяси жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге және алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллаларына назар аударды.

Бұған дейін өз хатында комиссия төрағасы Муханнад Хиджази еліміздің жетістіктерін, халықаралық рейтингтерде айтарлықтай өсуді атап өтті. Өз кезегінде Елші Юсуф Абдельгани Қазақстанда тұрып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жақсартулар мен елеулі жетістіктерге көз жеткізгенін атап өтті.

Иордания ведомствосының бас хатшысы Асам Тарауне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасу тарихы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның тарихы 2005 жылы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялаудан бастау алып, пара беру уәдесін/ұсынысын криминализациялау, ықпал ету саудасы және ақшаны жылыстату бөлігінде пысықталып жатқан бастамаларға дейін жалғасады.

Екі мемлекеттік органның қызметі, функциялары мен басымдықтары көбіне сәйкес келеді. Мысалы, Иорданияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық жоспарында көзделген жобалардың 70%-ы алдын алуға бағытталған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою және тұрақты негізде өзара кеңестер ұйымдастыру туралы келісті.

Добропорядочность в сфере высшего образования: форум ректоров ВУЗов Казахстана

В Академии государственного управления при Президенте РК прошел форум ректоров ВУЗов Казахстана на тему добропорядочности в сфере высшего образования.

Форум проведён Академией государственного управления при Президенте РК по инициативе Агентства РК по противодействию коррупции и при поддержке Министерства образования и науки РК.

В связи с карантинными мерами часть гостей принимали участие в оффлайн-формате, а другие представители вузов страны – посредством видеоконференцсвязи.

В Форуме приняли участие Председатель Агентства РК по делам государственной службы Анар Жаилганова, Первый заместитель Председателя Агентства РК по противодействию коррупции Олжас Бектенов, Заведующий отделом государственного управления Администрации Президента РК Альтаир Ахметов, Вице-министр образования и науки РК Мирас Дауленов, а также Глава Офиса программ ОБСЕ в Нур-Султане Посол Дьердь Сабо, а также более 50 ректоров университетов Казахстана.

Первый заместитель антикоррупционного ведомства Олжас Бектенов отметил особое внимание Агентства сфере образования, как ключевой платформе развития человеческого капитала с правильными жизненными ценностями и устоями.

«Молодежь должна вовлекаться в антикоррупционную политику в период становления себя как личности, развивая в себе честность, добропорядочность и справедливость. Для этого имеются все возможности. Стратегически значимым являются предметы антикоррупционной направленности, возможность участия студентов юридических факультетов в антикоррупционной экспертизе проектов НПА, эффективная внутривузовская система менеджмента противодействия коррупции.» – сказал О. Бектенов.

Он также отметил важность вступления в Лигу академической честности и внедрения обязательного предмета «Основы антикоррупционной культуры» в ВУЗах.

Ректор Академии госуправления Ерлан Абил рассказал об опыте формирования культуры добропорядочности в Академии, а сотрудники делились своим опытом повышения прозрачности бизнес-процессов, по формированию нулевой терпимости к коррупционным проявлениям и культивированию добропорядочности среди сотрудников и обучающихся.  

В своем выступлении он отметил, что Академия госуправления в июле 2020 года первой среди ВУЗов и государственных учреждений Казахстана прошла сертификацию системы менеджмента борьбы с взяточничеством на соответствие требованиям международного стандарта ISO 37001:2016.

«Руководителям организаций, в том числе и сферы образования, надо идти в ногу со временем, не тратить время на выработку собственных инструментов противодействия коррупции, а обратиться к международной практике. Международный стандарт ISO 37001 позволяет за счет грамотно выстроенных управленческих процессов свести к минимуму все формы и виды коррупционных рисков,» – отметил ректор Академии Ерлан Абил.

В настоящее время Академией совмстно с Агентством уже реализуются несколько проектов по внедрению системы антикоррупционного менеджмента в соответствии с ISO 37001 и продвижению комплаенс-службы в организациях квазигосударственного сектора.

Во время форума были также рассмотрены вопросы развития системного подхода в противодействии коррупции и формировании добропорядочности в университетах.

Таразда Қарасу мөлтек аудан тұрғындары неге наразы?!

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Тараз қаласындағы Әлеуметтік дүкендерге зерделеу жұмыстарын жүргізді. Дүкенге кіре берістен-ақ тұрғындар зерделеу тобын жағадан алды. Даудың басы жұмыртқаны уақытылы сатпайтындығы, қораппен сыртқа шығарып саудалайтындығымен басталды. Осы мәселені көтерген тұрғындарға нақты дәлеліңіз бар ма, қаншалықты рас екенін дәлелдей аласыз? дегенде еш жауап бере алмай, бір-біріне сілтеумен ғана ақталып отыр. Ал, бұл сияқты тұрғындардың жауаптары шындыққа жанаспайды.
Ал енді, тұрғындардың назарына сала кеткіміз келеді, әлеуметтік сақтандыру қорынан әр сейсенбі және бейсенбі күндері жұмыртқа қоймадан шығарылады. Ал жұмыртқаның қашан келетінін білген тұрғындар әрине, сол мезетте келіп сатып алады. Осы орайда, назарларыңызға сала кеткіміз келетін жағдай, әлеуметтік дүкендерде касса маңында кестелер ілінген. Кестеде қандай азық-түліктердің, қай күндері келетіндері көрсетілген. Кестеде көрсетілген ақпаратқа сай мерзіммен барсаңыз, өзіңізге қажетті азық-түліктерді таба аласыз және тұтынушы ретінде ол тауарларды сатып алатын мүмкіндігіңіз бар.
«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жыл басынан бері аталмыш бағытта бірнеше ұсыныстар берген болатын. Ұсынысқа сай тұрғындар мен сатушылардың арасында қақтығыстар болмау үшін бейнебақылау камераларын орнату мәселесі де көтерілген болатын. Шын мәнінде ӘКК тарапынан дүкен сөрелеріне тауарлардың неше рет қойылатындарын онлайн режимінде қарап отыру, сондай-ақ басқа халықтың, қоғам белсенділерінің тарапынан берілген бірнеше ұсыныстар қабылданып, қазіргі таңда жүзеге асып отыр.


Осы тұста айта кететін жағдай, қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен дәл осындай әлеуметтік дүкендердің санын көбейту қолға алынып отыр. Бұл жоба болашақта іске асатын болса, біз тұрғындарымызды, түгел халқымызды әлеуметтік бағада қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік аламыз деп санаймыз.
Ал, қазіргі уақытта Жамбылдықтар үшін ескеретін жағдай, Тұрақтандыру қорының қоймасындағы тауар санына сәйкесінше әр әлеуметтік дүкен өз стандарттарына сай, шектік мөлшермен саудалауға мәжбүр.
Аталмыш мәселе алдағы таңда жобалық кеңсе назарында болмақ!