Қайтейік енді
20.02.2026,
в 13:30
400
Ресей құрамасы Олимпиада тарихында алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан жүлдесіз қайтуға мәжбүр болды, деп жазады 1bol.kz.
Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Ресей атынан екі спортшы өнер көрсеткен еді. Алайда Аделия ПЕТРОСЯН еркін бағдарламада жалпы 214,53 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтаса, ерлер арасындағы жекелей сында Петр ГУМЕННИК 271,21 ұпаймен қорытынды есепте алтыншы орын алды.
Милан мен Кортина-д’Ампеццодағы Олимпиадада ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар командалық турнирге, жұптық сынға және мұздағы би бағдарламасынан тыс қалған болатын.
Жалпы алғанда, осыған дейін ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар 36 рет Олимпиада жүлдесіне қол жеткізген. Оның ішінде 17 алтын, 14 күміс және 5 қола медаль бар.
Бұған дейінгі ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар қысқы Олимпиада ойындарында кем дегенде бір медаль жеңіп алып келген еді.
Айта кететін жайт, бұл сында Қазақстан құрамасының өкілі Михаил ШАЙДОРОВ ерлер арасында жекелей сында үздік шығып, Олимпиада чемпионы атанды.
Фото: Getty Images.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
17.02.2026,
22:50
16.02.2026,
09:00
Реклама
Реклама