Бюджет тапшылығы кезінде штатты үлкейту дұрыс шешім бе? — деп хабарлайды Hronika.kz Тараз белсендісі Амантай ДОСМАХАНБЕТКЕ (суретте) сілтеме жасап.
Кеше ғана киелі де, көне қаламыз Тараз екі әкімшілікке бөлінді. Қаншалықты дұрыс шешім? Ия, халық саны 500 мыңнан асса бөліп, шенеуніктердің де санын көбейтуге болады деген заң бар екен. Мәжіліс депутаттарының назарына, қазіргі 21ші ғасырда, жаңа технология мен цифрландыру дамыған жағдайда бұл заңға да жаңа көзқараспен қарайтын уақыт жеткен болар. Цифрлік министрлігі жалпы Үкімет жұмысын цифрландырып, шенеуніктердің санын қысқартуға арналған министрлік емес пе? Ал іс жүзінде жалпы шенеуніктердің санымен қоса, өздерінің ішінде де қызметтер саны асып түсіп жатқанын байқаймыз. Олар өздерінің тікелей міндеттерін орындай алмай жатып, жүргізүші куәлігін алардағы бар теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауға құзырлы министрлік болып отырғаны тағы бар. Жүргізуші мамандығы компютер жөндейтін, не компютерлік бағдарламашыларды дайындайтын мамандық емес екені де белгілі. Жүргізуші маманы, ол жол қауыпсіздігіне, жол апатына тікелей әсер ететін мамандық екені барша халыққа, депутатарға, Үкімет басшысына, әсіресе ІІМ-не аян. Ал цифрландыру министрлігі болса бүкіл халық қолданып жүрген Каспий банк қосымшыларына, барша халықты бақылап, штраф салып отырған «сергекке»-де еш қатынасы жоқ екені белгілі. Сонда бұл қалай болғаны?- деп Мәжіліс депутаттарына тағы бір сауал.
2025 жылдың бюджетінің кірісінен шығысы бірнеше триллионнан асып кеткені де баршаға мәлім. Осындай жағдайда әкімшілік санын өсіру қаншалықты дұрыс? Қайта цифрландыру мен жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, Үкімет пен Әкімшілік қызметкерлерінің санын қысқартып, жұмыстарының сапасын арттыратын жүйеге көшетін уақыт әлдеқайда келген сияқты. Бұл қазіргі уақыт талабы емес пе? Бюджет, ол халықтың ақшасы екені де белгілі, осындай жүйелі түрде әр істің сапасын арттырып бюджетті де үнемдеуге болады емес пе?
Құраннан басқаның бәрін өзгертүге болды демекші, осы Әкімшілікті бөлу туралы заңды да жаңаша көзқараспен қарап, өзгертулер енгізу керек шығар. Еліміздің АТА заңына да, мыңнан аса өзгерістер енгізілген жоқ па? Барша Министрліктермен қоса, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және де басқа «үлкен» деген қалалардың да Әкімшіліктерін қысқартып, оптимизация жасау керек шығар. Жалпы, барша Қазақстан халқының саны кейбір мемлекеттердің кәдімгідей улкен бір қаласы емес пе?… Ойланарлық жағдай….
Амантай Досмаханбеттың Facebook парақшасынан алынған,
оның рұқсатымен жарияланған.