«АСҚАҚ РУХТЫ ӘУЛИЕАТА»

Таразда поэзия кеші өтті, деп хабарлайды Hronika.kz.

Шара барысында республикалық әдеби байқауының жүлдегерлері марапатталды.

Ерекше форматта ұйымдастырылған игі шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, белгілі өнерпаздар, әдебиет пен мәдениет әлемінің майталмандары, сондай-ақ жас таланттар, жырсүйер қауым қатысты.

Кеш барысында ұлттық өнер мен шығыс шайырларының шығармашылық мұрасы үндесті. Жыр мен әннің үйлесімі арқылы көпшілік рухани ләззат алды.

– Өткеннің өнегесі, бүгінгі күннің сырлы бояулары әдеби шығармаларда жатқаны сөзсіз. Осы тұрғыда әдебиет пен мәдениетті қолдау – мемлекетіміздің негізгі бағыттарының бірі. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілген біздің өңірде де бұл бағытта ауқымды жобалар, маңызды іс-шаралар қолға алынуда, – деген облыс әкімі «Асқақ рухты Әулиеата» атты республикалық әдеби-мәдени байқауының жүлдегерлерін марапаттады.

Атап айтқанда, «Поэзия» номинациясы бойынша К. Әзірбаев пен Ж. Жабаев атындағы жүлде қос ақын Нұржан Қуантай мен Ерлан Жүніске берілді.

Жазушы Болатбек Төлепберген «Проза» номинациясы бойынша Б. Момышұлы атындағы, жазушы, драматург Нұрғали Ораз «Проза» және «Көркем аударма» номинациясы бойынша Ш. Мұртаза атындағы, журналист, сатирик Бақытжан Әлімқұлов «Сатира жанры» номинациясы бойынша Ш. Смаханұлы атындағы, жазушы Ырысбек Дәбей «Проза» номинациясы бойынша Н. Дәутайұлы атындағы, ақын, драматург Иранбек Оразбаев «Драматургия» номинациясы бойынша А. Бекбосын атындағы жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге «Жыр-терме» номинациясы бойынша Ә. Желдібаев пен А. Бетбаев атындағы жүлдені ақын, сазгер Жанатбек Тұрғымбай мен ақын Бауыржан Жақып еншіледі.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздарға диплом мен қаржылай сертификат (1 млн. теңге) берілді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Біз туралы

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы оқырмандарымызға айтамыз.

Информационное агентство Hronika.kz — это новости Жамбылской области, Казахстана и зарубежья.
Мы постараемся давать только объективную, достоверную информацию из нескольких источников.
Вы можете поделиться своими интересными новостями, проблемами с нами и мы об этом расскажем многим.

Навигация

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы көптеген адамдарға айтамыз.

Навигация