2024 жылдың 24 желтоқсаны күні Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы жанындағы Шу өзенінің “Радай”өзегінде мұз қатып жиналуы салдарынан «Радай» өзегінің жағалауларын күшейту желел шешімі қабылданды. Осыған байланысты жедел «Радай» өзегінің жағалауын қосымша күшейту жұмыстары жүргізілді, атап көрсеткенде 1400 тонна құм шағалы материал төселді. Есесіне өзектің жағасы су деңгейінен 1,5 м көтерілді. Сонымен қатар, ЖАО, ПБ, ТЖБ және басқа да мүдделі қызметтердің күштерімен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Сондай -ақ ауыл тұрғындарына су тасу қауіпі жоқ екендігі туралы толық ресми ақпарат таратылды.
Жергілікті атқарушы органдардың, Шу-Талас бассейндік су инспекциясының және РМК «Қазсушар» Шу филиалының келісімі бойынша «Тасөткел» су қоймасынан су жіберуді сағат 22:00-де 100 м³/сек дейін азайту туралы, ал 25 желтоқсан, сағ. 06:00-де су жіберуді 90 м³/сек дейін төмендету жоспарланды.
Видео 100baksoff_almaty
2024 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай:
Радай өзегінде су деңгейі бастапқы деңгеймен салыстырғанда 1,5 метрге төмендеді. Жалпы ауыл тұрғындарына ешқандай қауіп төнген жоқ, ахуал қалыпты.
Қазіргі уақытта Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Зәуірбеков Е.А.-ның мәліметіне сәйкес, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.