Қала әкімі құрылыс нысандарын аралады

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһар аумағындағы бірқатар әлеуметтік нысан мен құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Hronika.kz әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Алдымен шаһар басшысы «Ұлы дала» шағынауданында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Жобада бокс, гимнастика, күрес, жаттығу, таэквондо, воркаут және әмбебап залдар, сондай-ақ кіші футбол алаңшасы қарастырылған. Қала әкімі аталған нысанның маңыздылығына тоқталып, құрылысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, 15 шағынауданында салынып жатқан «Әулиеата» ауданы әкімдігінің жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысымен танысты. Нысандағы жұмыс қарқынын төмен деп бағалаған шаһар басшысы мердігерге қатысты шара қолдану қажеттігін тапсырды.

Шаһар басшысы Асқаров көшесінің соңындағы 16 шағынауданда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің де құрылысына барды. Қазіргі таңда мұнда 5 қабатты, 180 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Көпқабатты үйлердің заманауи сәулеттік келбетін сақтау қажеттігін тапсырып, құрылыс сапасына мән берді. Сондай-ақ 2024 жылы осы тұрғын алқапқа қосымша 66 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттары әзірленген.

Әрі қарай қала әкімі 14 шағынаудандағы тұрғын үй құрылыстары мен инфрақұрылым жұмыстарының жай-күйіне назар аударды. Мұнда жалпы саны 5 қабатты 22 тұрғын үй салынуда. Келісімшарт бойынша бұл құрылыс 2026 жылға өтпелі жоба ретінде белгіленген. Алайда, құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспары бар. Жобада тұрғын үйлер ішкі алаңдық инженерлік желілермен толық қамтамасыз етіледі. Жалпы саны 800 пәтерді құрайтын бұл кешенде әрбір үйде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көтергіш құрылғылар орнатылады.

Сонымен қатар, қала әкімі «Жігер» алқабындағы Ш.Смаханұлы көшесіндегі орташа жол жөндеу жұмыстарын көрді. Тұрғындардың өткен жылғы өтініші назарға алынып, биыл алқаптағы барлығы 16 көшеге толықтай асфальт төселетін болады.

Шаһар басшысы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені аумағында орналасқан «Көне Қамал» қорғанына да арнайы барды. Қазіргі уақытта нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары толықтай аяқталған. Жақын күндері ел игілігіне пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Бақытжан Әмірбекұлы «Тектұрмас» алқабының инфрақұрылымын жақсарту бойынша жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеді.

Бұдан соң шаһар басшысы «Қарасу-2» каналының бойын аралап, абаттандыру бағытындағы жоспарларды пысықтады. Бүгінде канал бойын көркейтуге арналған эскиздік жобалар дайындалған. Жоба аясында алдағы уақытта канал жағалауы абаттандырылып, тұрғындар үшін жайлы демалыс орнына айналмақ.

Сондай-ақ Сейфуллин көшесіндегі жарықтандыру жұмыстарының барысын да бақылады. Қазіргі таңда бұл көшенің оң жақ бетіне жалпы ұзындығы 3,3 шақырым болатын жарық шамдары орнатылып жатыр. Жоба аясында көше жарығының сапасын арттыру және тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген.

Аралау барысында қала әкімі жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың өтініштерін тыңдады. Бақытжан Әмірбекұлы көтерілген әрбір мәселе қаланың даму жоспарына сәйкес кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы

Біз туралы

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы оқырмандарымызға айтамыз.

Информационное агентство Hronika.kz — это новости Жамбылской области, Казахстана и зарубежья.
Мы постараемся давать только объективную, достоверную информацию из нескольких источников.
Вы можете поделиться своими интересными новостями, проблемами с нами и мы об этом расскажем многим.

Навигация

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы көптеген адамдарға айтамыз.

Навигация