Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» жобасының Ақмола облысында іске асырылу барысын тексерді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

«Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың бірі, Атбасар ауданының тұрғыны Виталий Дубинин 3,5 млн теңгеге көлік жөндеу стансасын ашты. Ал, Аида Мейрамова наубайхана жұмысын ұйымдастырып, 8,6 млн теңгеге жеңілдігі бар несие алған. Қазіргі таңда наубайхана 16 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Тамара Дүйсеноваға «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар шығарған өнімдердің өңірлік көрмесі ұсынылды.

Вице-премьер өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірлесіп облыстың аудандары мен ауылдық округтері әкімдерінің қатысуымен бағдарламаны іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Онда басқа да салаларда жүзеге асқан үздік жобалар қаралды. Денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті мәселелері өңірдегі медициналық мекемелердің бас дәрігерлерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды.

Сонымен қатар, спортты дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізіліп, спорттық ұйымдар мен мектеп басшылары қатысты.

Біз туралы

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы оқырмандарымызға айтамыз.

Информационное агентство Hronika.kz — это новости Жамбылской области, Казахстана и зарубежья.
Мы постараемся давать только объективную, достоверную информацию из нескольких источников.
Вы можете поделиться своими интересными новостями, проблемами с нами и мы об этом расскажем многим.

Навигация

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы көптеген адамдарға айтамыз.

Навигация