Тараздың қай жерлерінде Жаңа жылдық шыршалар орнатады

Бұл мақсатқа қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан 10,5 млн теңге көлемінде қаржы қаралып отыр, деп хабарлайды Hronika.kz қала әкімінің кеңесшісі Дәулет Төлендіге сілтеме жасап.

Биыл Тараз қаласында Жаңа жыл мерекесіне орай  2 шырша орнатылады. Бірі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағына орнатылса, екіншісі «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде шамдары жарқырайды, деп Facebook парақшасында жазды әкімнің кеңесшісі.

— Бұл мақсатқа қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан 10,5 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып отыр. Сонымен қатар, қаланың 8 нүктесінде (облыстық әкімдік алды, орталық алаң, «Көне Тараз» этно-мәдени кешені, Тұңғыш Президенті саябағы, «Жеңіс» саябағы, «Ұлы Дала» (15) шағын ауданы, темір жол вокзалы, «Мыңбұлақ» (9) шағын ауданы) жаңажылдық фотозоналар («2025» жазуымен) орнатылатын болады, — деп жазды Дәулет Төленді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қала көшелері бойындағы талдарды, аркаларды жарықдиодты жолақтармен жаңажылдық безендіру жұмыстары жүреді. Бұл материалдар бұрын пайдаланылған материалдарды ретке келтіру және қажет бөліктерінде ішінара жаңғырту арқылы іске асырылады.

Сондай-ақ, Тараз қаласының  кәсіпкерлері мен ірі сауда орталықтары арасында «Үздік жаңа жылдық безендіру» атты конкурс өткізіледі. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде хабарландыру берілген.

 Конкурсқа ғимараттарының  сыртқы келбетін безендірген Тараз қаласының кәсіпкерлер мен ірі сауда орталықтары  қатыса алады.

Біз туралы

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы оқырмандарымызға айтамыз.

Информационное агентство Hronika.kz — это новости Жамбылской области, Казахстана и зарубежья.
Мы постараемся давать только объективную, достоверную информацию из нескольких источников.
Вы можете поделиться своими интересными новостями, проблемами с нами и мы об этом расскажем многим.

Навигация

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы көптеген адамдарға айтамыз.

Навигация