Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді

Кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді.

2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім келіп түскен. Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4%-ы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді.

30 өтінім бойынша өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданды. Қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жалғасуда, олар аяқталғаннан кейін өтінімдер Өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатын болады.

Өтінімдердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан келіп түсті.  Батыс Қазақстан облысынан 87 өтінім, Қостанай облысынан 68 өтінім, Ақтөбе облысынан 51 өтінім, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтінім келіп түскен.

Біз туралы

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы оқырмандарымызға айтамыз.

Информационное агентство Hronika.kz — это новости Жамбылской области, Казахстана и зарубежья.
Мы постараемся давать только объективную, достоверную информацию из нескольких источников.
Вы можете поделиться своими интересными новостями, проблемами с нами и мы об этом расскажем многим.

Навигация

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы көптеген адамдарға айтамыз.

Навигация