Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары қала әкімінің 2024 жылғы 18 қарашадағы №64-өкіміне сәйкес жұмыс тобы құрылып, «Ұлы Дала» шағын ауданына зерделеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Hronika.kz әкімшіліктің медиа орталығына сілтеме жасап.
— Бүгін зерделеу барысында заңсыз орналасқан бірнеше сауда дүңгіршектері анықталып, нысан иелеріне алып тастау туралы ескерту берілді және ргілікті полиция қызметкерлерімен ескерту хаттамалары толтырылды, — деп мәлімдеді қала әкімшіліктің медиа орталығында.
Жұмыс тобы мүшелерінің тарапынан заңсыз дүңгіршек иелеріне 5 күн ішінде өз еркімен алып тастау хабарламалар таратылды. Хабарламада көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда жергілікті полиция қызметкерлері айыппұл хаттамаларын толтыратын болады. Сонымен қатар, әкімшілік тарапынан заңсыз дүңгіршектерді алып тастау жұмыстары жүргізіледі.
— Айта кетейік, аталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тек «Ұлы Дала» шағын ауданында ғана емес, жалпы қала аумағында орналасқан дүңгіршектердің орналасу заңдылығын реттеуге арналады, — деп хабарлады медиа орталығында.