Жаңатас қаласындағы төтенше жағдай салдары толығымен жойылды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жаңатас қаласында орын алған төтенше жағдай зардаптарын жою бойынша атқарылған жұмыстарды көрді, деп хабарлайды Hronika.kz өңір басшысының баспазөз-қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, 400 аула, 56 үй мен бір мектептің жертөлесін су басты.

Бүгінде қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.

«Залалды бағалау жөніндегі 4 арнайы комиссия құрылды. 3 тұрғын үй жарамсыз деп танылды. Нәтижесі бойынша 1 үйдің құрылысы жүргізіліп, екі отбасыға баспана сатып алынды. Ал, 53 үй жөндеуден өтті. 63 тұрмыстық техника мен жиһаздың зақымдалғаны анықталды. Шығын көлемі 4,8 млн.теңгені құрайды. 600 үй мен ауласы дезинфекцияланды. 9 жарық бағанасы реттеліп, жаңадан бесеуі орнатылды», делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, бүлінген жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірқатар көше арық және дренаж жүйесімен жабдықталды.

Сондай-ақ, биыл Жаңатас қаласындағы 12 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Ербол Қарашөкеев құрылыс барысымен танысып, баспаналарды жаңғырту кезінде сапаға баса мән бере отырып, тұрғындар тілегін назарға алуды ескертті.

Бұдан соң қаланың жылыту маусымына дайындығын тексеру мақсатында орталық қазандыққа барды. Бүгінде қазандықты газдандыру жобасының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Төрт дана Bosch су қыздыру қазандығы, бір дана Bosch бу қазандығы орнатылды. Сонымен бірге желілік сорғылар мен түтін құбыры толығымен жаңартылды.

Біз туралы

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы оқырмандарымызға айтамыз.

Информационное агентство Hronika.kz — это новости Жамбылской области, Казахстана и зарубежья.
Мы постараемся давать только объективную, достоверную информацию из нескольких источников.
Вы можете поделиться своими интересными новостями, проблемами с нами и мы об этом расскажем многим.

Навигация

Hronika.kz ақпараттық агенттігі – Жамбыл облысындағы, Қазақстандағы және шетелдегі жаңалықтар.
Біз бірнеше көздерден тек объективті, сенімді ақпарат беруге тырысамыз.
Сіз өзіңіздің қызықты жаңалықтарыңыз бен мәселелеріңізді бізбен бөлісе аласыз, біз бұл туралы көптеген адамдарға айтамыз.

Навигация