Қайтейік енді
24.11.2025,
в 16:30
268
Евгения БРАГИНА дейтін Қостанай тұрғыны жоқ жерден қораға кірді. Алаяқтар оның телефонына қашықтан қол жеткізіп, оның атынан Jusan Bank (қазіргі Alatau City Bank) мобильді қосымшасы арқылы несие рәсімдеген. Сорақылығы сол – банктер қашықтан қосылу жағдайы анықталған кезде операцияларды бұғаттауы тиіс болатын. Бұл міндетті талапты Ұлттық банк 2023 жылы енгізген.
Кейін бірінші инстанциядағы сот несие шартын жарамсыз деп таныды, алайда апелляция бұл шешімді жойып, жауапкершілікті бәрібір жәбірленушінің өзіне жүктеді.
Сот материалдарына сәйкес, алаяқтар Брагинаның телефонына Webkey Android Remote Control қосымшасын орнатқан. Ол қосымша құрылғыны қашықтан толық басқаруға мүмкіндік береді: экранды көре алады, растау кодтарын оқи алады, құжаттарға қол қойып, геолокациялық қорғанысты айналып өте алады.
Сол күні алаяқтар Jusan Bank қосымшасында Брагинаның атынан шоттар ашып, виртуалды карта шығарған, содан кейін несиеге өтінім берген. Банк он жылдық мерзімге 2,6 млн теңге сомасындағы несиені мақұлдаған. Бірнеше күннен кейін бұл ақша Братиславадағы (Словакия) банкоматтан шешіп алынған, ал Брагинаның өзі де, оны телефоны да Қостанайдан ешқайда шықпаған.
Сол кеште алаяқтар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы да несие рәсімдеуге әрекет жасаған, алайда антифрод жүйесі құрылғының қашықтан басқарылғанын анықтап, автоматты түрде несиені рәсімдеуді бұғаттаған.
Jusan Bank болса, сотта биометриядан клиенттің өзі өткенін, деректер мен растау кодтарын алаяқтарға өзі бергенін алға тартты. Банк үшінші тұлғалардың араласуы жүйеде тіркелмегенін, несие рәсімдеу заңнама талаптарына сай жүргізілгенін мәлімдеді.
Алайда іс материалдарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қорытындысы бар. Онда 2023 жылдың қазанында Ұлттық банк қаржы ұйымдарына смартфонның қашықтан басқарылуы анықталса, қашықтан көрсетілетін қызметтерді бұғаттауды міндеттегені көрсетілген.
2024 жылдың мамыр айында ведомство мамандары Jusan Bank тарапынан бұл талаптардың орындамағанын анықтаған. Бұл олқылық тек осы жылдың қаңтарында ғана жойылған. Сарапшылардың айтуынша, дәл осы бұғаттаудың болмауы алаяқтарға Брагинаның атына несие рәсімдеуге мүмкіндік берген.
Бірінші инстанция соты реттеушінің қорытындысын ескеріп, қауіпсіздік талаптарының бұзылуы клиенттің шығынына алып келгенін көрсете отырып, несие шартын жарамсыз деп таныды.
Ал Қостанай облыстық сотының апелляциялық алқасы бұл шешімді жойып, жауапкершілікті жәбірленушінің өзіне жүктеді. Апелляция банктің заңсыз әрекеттеріне дәлел келтірілмегенін, ал Евгения Брагина сақ бола алмай, өз смартфонын бөтенге өзі қолжетімді еткізгенін айтты. Сот алқасы Ұлттық банктің Jusan Bank тарапынан жіберілген бұзушылықтар туралы қорытындысына құқықтық баға бермеген.
Қазір несие шарты күшінде, және Евгения Брагина екі баласы мен басқа несиелері бола тұра, айына шамамен 84 мың теңге төлеуге міндетті. Өзінің алатын айлығы – 359 мың теңге.
Ол кассациялық шағым әзірлеп жатыр, бұл процесс бірнеше айға созылуы мүмкін.
Фото: kapital.kz.
ДЕЛИТЕСЬ СВОИМ МНЕНИЕМ И ОБСУЖДАЙТЕ СТАТЬЮ НА НАШЕМ КАНАЛЕ В TELEGRAM!
Реклама
21.11.2025,
10:30
19.11.2025,
13:30
23.11.2025,
12:00
20.11.2025,
09:00
Реклама
Реклама