Қайтейік енді
19.03.2026,
в 10:30
234
5 ақпанда Hronika.kz НАРЖАНОВ дейтін азаматтың Home Credit Bank-ке қатысты арызын тексеру нәтижесінде оның атынан біреу карта ашып, шамамен 8 млн теңге көлемінде несие рәсімдегені анықталғанын хабарлаған: «Home Credit Bank мобильді қосымшасында тіркелу кезінде енгізілген жеке куәліктегі өтініш беруші Наржановтың түрі клиенттің фотосуретіне сәйкес келмейді. Жеке куәліктегі деректер өтініш берушіге тиесілі болғанымен, фотода басқа адам бейнеленген. Мобильді қосымшада тіркелу кезінде банк SMS-хабарламалар жіберген абоненттік нөмір пайдаланылған. Аталған нөмірдің иесін анықтау мүмкін болмады».
Банк ақталып, кінәсін жоққа шығаруға тырысқанымен, бұл банкке 1 179 600 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған болатын
Сөйтсек, клиент болмаған және болуды жоспарламаған азаматтардың атына Home Credit Bank-тің картасын ашу жағдайлары жалғыз бұл емес екен. Сотта осыған ұқсас істер бойынша ондаған шешім шығарылыпты.
Олардың кейбірі мынау:
2026 жылғы 12 ақпанда сот қаулысымен Home Credit Bank-ке 1 297 000 теңге айыппұл салынды. «Қарағанды қаласында ГЕЙНИНГ В.А. дейтін азамат арызданып, оның атына 2025 жылғы 6 шілдеде үшінші тұлға тарапынан банктік шот ашылғаны бойынша тексеру жүргізуді сұраған. Ол бұл шотты өзі ашпағанын, мобильді қосымшаны жүктемегенін және тіркелмегенін, жеке куәлігін немесе телефон нөмірін ешкімге бермегенін, сондай-ақ аталған шот арқылы ақша аудармағанын және алмағанын көрсеткен.
Тексеру барысында мобильді қосымша Гейнингтің атына 2025 жылғы 6 шілдеде сағат 01:51:10-да тіркелгені, биометриялық сәйкестендіру Innovatrics арқылы жүргізілгені анықталды: PhotoMatchScore — 79.68, Passive Liveness Score — 94.81. Алайда тіркеу кезінде ұсынылған жеке куәліктегі фото өтініш берушіге сәйкес келмейді. Сондай-ақ барлық деректер дұрыс болғанымен, фотода басқа адам бейнеленген. Тіркеу кезінде пайдаланылған абоненттік нөмірдің иесін анықтау мүмкін болмады.
2025 жылғы 6 шілдеде мобильді қосымша арқылы №4501284042 виртуалды дебеттік карта, ал 14 шілдеде №4501337670 карта рәсімделген.
2025 жылғы 7-16 шілде аралығында бірінші картаға 6 100 000 теңге түсіп, оның 6 225 000 теңгесі басқа банктердегі үшінші тұлғалардың шоттарына аударылған. Ал екінші карта бойынша 1 994 630 теңге толықтай үшінші тұлғаларға жіберілген.
Тексеру нәтижесі виртуалды карталардың үшінші тұлға арқылы ашылғанын растады».
2026 жылғы 13 ақпандағы қаулымен банкке тағы да 1 297 000 теңге айыппұл салынды: «2025 жылғы 1 тамызда ИСМАГУЛОВА А.Э. ұлының атына үшінші тұлға арқылы шот ашылғаны жөнінде алаяқтық фактісі бойынша банкке жүгінген. Тексеру нәтижесінде мобильді қосымша 2025 жылғы 1 тамызда тіркеліп, биометриялық сәйкестендіру жүргізілгені анықталды. Белгісіз тұлға өтініш берушінің атына виртуалды карта ашқан».
Сот материалдарды зерттей келе, банк әрекеттерінде әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар деген қорытындыға келген.
2026 жылғы 6 наурыздағы қаулымен тағы бір айыппұл салынды: «2025 жылғы 11 тамызда өтініш беруші мобильді қосымша арқылы тіркеліп, оның атына шот пен карта ашылған. Алайда ұсынылған жеке куәлікте өтініш берушінің деректері болғанымен, фотосурет басқа адамға тиесілі болған. Банк өзі де картаның үшінші тұлға арқылы ашылғанын растады».
2026 жылғы 11 наурыздағы қаулымен де осындай жағдай тіркелді: «СЕКСЕМБАЕВА 2026 жылғы 14 қаңтарда шағым түсіріп, оның атына үшінші тұлға шот ашқанын мәлімдеген. Тексеру барысында ұсынылған фото, телефон нөмірі және құжат оған тиесілі емес екені анықталды».
Осылайша, Home Credit Bank-те мұның бір реттік жағдай емес, жүйеге айналғанын көреміз. Банк азаматтардың құқықтарын өрескел бұза отырып, олардың атына жалған құжаттар арқылы шоттар мен карталар аша берген.
Айта кету керек, кейбір сот қаулылары заңды күшіне енді. Апелляциялық сатыда банк өзінің кінәсіз екенін дәлелдей алмады.
Сондықтан Сіз де өз атыңызға Home Credit Bank-те шот ашылмаған деп ойласаңыз, қатты қателесуіңіз мүмкін. Алаяқтар ол арқылы миллиондаған қаражатты айналдыруы ықтимал. Сондықтан сақ болыңыз және күдік туған жағдайда дереу қадағалау органдарына жүгініңіз!
Фото: yandex.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
16.03.2026,
09:00
17.03.2026,
09:00
12.03.2026,
19:00
Реклама
Реклама