Қазақ фильмдері неге боқауыз боп барады

Не дейді-ей

23.10.2025,

  в 17:00

286

Қазаннан қақпақ кетті…

Кейінгі уақытта шығып жатқан фильмдерде дөрекі сөйлеу сәнге айналды. Кинодағы әртіс немесе әртүрлі подкасқа қатысушы өзін базарда тұрғандай сезінетіні несі?

Ал әлеуметтік желідегі дөрекі сөйлеу туралы айтудың өзі ұят.

Қазаннан қақпақ кетіп барады…

Әлде, қазіргі адам санасында дөрекі сөйлеу – ойын еркін, ашық айтудың көрсеткіші ретінде қабылдана ма?

Не болмаса «банкіге қарыз қайтару» бұ дүниеге арыз айту санасына айналып, күйбең тіршілік дөрекі тіршілікке ұласып, тілдік бірліктеріміз осы дөрекі тірліктің бейсаналы формасына, яғни әлемнің тілдік бейнесі саналатын «сөзге» айналды ма?

Қалай десек те, кино – өнердің бір түрі саналатындықтан, қазіргі қазақтілді кинолардың сөйлеу тіліне назар аудармауға болмайды. Киноның тәрбиелеуші құрал екенін ешкім жоққа шығара алмас.

Күнде көріп отырған киномыздағы кейіпкерлер дөрекі сөйлер болса, оны қарап отырған жеткіншектің ісінен не имантаразылық күтпекпіз?

Дерекккөз: тіл маманы Анар Бектің facebook-тегі парақшасынан. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: сериалдан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!