Қайтейік енді
25.02.2026,
в 15:00
200
Енді салық органдары кімде қанша несие барын да біліп отырады. Биылдан бастап банктер мемлекеттік кірістер комитетіне қарапайым адамдардың шотындағы қалдық сомаға дейін хабарлауға міндетті, деп хабарлайды Информбюро 31.
Екінші деңгейлі қаржы ұйымдары одан бөлек клиентінің картасына терминалдар арқылы түскен ақшаның да есебін беруі тиіс. Қаржы министрілігінің мәлімдеуінше, бұл тәртіп жаңа салық кодексінде көзделген және көлеңкелі кәсіпкерлерді анықтау мақсатында іске асады.
Қазақстандықтардың картасы енді салықшылардың жіті бақылауында. Қаңтардан бастап барлық банктер жеке тұлғалардың кімге қанша теңге аударғаны, алған несиесі, терминалдан түскен қаржысы жайлы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жіберіп отырады. Бірақ министрлік өкілдерінің сөзіне сенсек, банктер тек кәсібі болуы мүмкін деген күдікке ілінген азаматтар жайлы есеп береді.
– Мұндай белгілерге қатарынан 3 ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан аударым алу, сондай-ақ түсімдердің жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асуы жатады. Бұл ретте жеке мақсатта жүзеге асырылатын жеке тұлғалар арасындағы аударымдар салықтық бақылау объектісі болып табылмайды, – дейді Ұлдана СҮЛЕЙМЕН, ҚР МКК жұртшылықпен байланыс хатшылық басқармасының сарапшысы.
Яғни, көрімдік пен байғазы деп немесе басқа да себеппен таныстардан түскен қаражатқа сұрау жоқ дейді мемлекеттік кірістер комитеті. Бірақ салық сарапшысы іс жүзінде ара-жігін ажырату қиындыққа әкеледі деген пікірде.
– Мысалы бір азаматтың бір картасына 50 адам, екінші шотына 51 адамнан қаржы түсті. Алайда екі банк оның есебін салық органына бергенде 100 адамнан келген қаржы ретінде саналады. Осы кезде есептер шатасып, кәсіппен айналыспайтын азаматқа да ескерту келуі мүмкін, – дейді салық сарапшысы Айдар МАСАТБАЕВ.
Дегенмен, салық сарапшысы банктердің есебі арқылы көлеңкелі кәсіпкерлерді анықтағанды құптайды. Алайда терминалдан түскен төлемдердің есебін шығару қиынға соғады дейді. Айта кетсек, банктер кәсіпкерлік белгісі бар шоттар туралы мәліметті салықшыларға 3 ай сайын ұсынуға міндеттелген.
Фото: yandex.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
20.02.2026,
12:00
24.02.2026,
10:30
19.02.2026,
14:00
Реклама
Реклама