Қайтейік енді
11.03.2026,
в 15:00
183
Halyk Finance сарапшылары Дүниежүзілік банктің Қазақстанға қатысты ақпан айындағы шолуын зерттеген екен. Ондағы басты қорытынды – халықтың қарыз жүктемесі бұрын-соңды болмаған тарихи максимумға жеткен, деп жазады Atameken Business.
2025 жылдың төртінші тоқсанында қазақстандықтардың алатын жалақысының 51 пайызы қарыз төлеуге кететін күйге түсіп, жағдай 2008-2009 жылдардағы дағдарыс алдындағы деңгейден де нашарлады. 2020 жылдан 2025 жылға дейін халықтың қарызға жүгінуі шамамен екі есеге өсті, ал табыстары небәрі 15%-ға ғана өскен.
Дүниежүзілік банк атап өткендей, 2025 жылы нақты табысының төмендеуі салдарынан халық ағымдағы шығындарын жабу үшін несие алуға мәжбүр болды. Әсіресе табысы төмен отбасылар мен ауыл тұрғындары қарызға оңбай батып барады.
Елдегі реттеуші органдар жанталаса шаралар қабылдап, тұтынушылық несиелеудің өсуін тоқтатуға тырысқаны байқалады, несиелердің ЖІӨ-дегі үлесі әлі де рұқсат етілген деңгейде (шамамен 16%). Алайда Дүниежүзілік банктің пайымдауынша, қазіргі жағдайда қарыз алудың өсуі қаржылық тұрақтылықтың белгісі емес, ол кедейлік пен шарасыздықтан туындап отыр.
Фото: видеодан кадр / khabar.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
05.03.2026,
13:30
06.03.2026,
14:00
04.03.2026,
21:14
05.03.2026,
09:00
Реклама
Реклама