Қайтейік енді
21.03.2026,
в 17:00
242
Қызылордада көліктерді техникалық тексерістен өткізетін орталықтар жаппай жабылып, жүргізушілер әуре-сарсаңға түсіп жатыр. Қазір өңір бойынша небәрі екі-ақ оператор қалған екен, деп хабарлайды Информбюро 31.
Бір жапырақ қағазды алу үшін азаматтар сол бақылау орындарының айналысында тәуліктеп кезек күтіп, көлік ішінде түнеп жүр. Өйткені, полицейлер құжатының мерзімі біткен азаматтарға жаппай айыппұл салуға көшкен.
Мына көшенің жиегіндегі және автотұрақтың ішінде қаңтарлып тұрған көліктер техникалық байқаудан өткізуге әкелінген. Жүргізушілер дәл осылай кезекте кептетіліп тұрғанымызға 2 тәуліктен асты дейді. Өйткені бұл жерден басқа техникалық байқау орталықтары жұмысын тоқтатыпты. Сол себепті өңір бойынша құжатының мерзімі біткен жүргізушілердің бәрі осы маңда. Алыс ауылдан келген көлік иелері тапжылмай ұзын-сонар кезегін күтуге мәжбүр. «Өйткені машинамызды қозғасақ, тәртіп сақшылары айыппұл салып жатыр» деп ашулы.
– Жолға шығып келе жатыр едім. Гаи ұстап, штраф салып жіберді. Кінә бізден емес қой. Техосмотр жабық, не істейсің. Штраф салып жатыр, – дейді жүргізуші Серік ОСПАНОВ.
Ал қала ішінде ашық тұрған жалғыз орталықтың мамандары күн-түн демей, үзіліссіз жұмыс істеп жатырмыз дейді. Көлік инспекциясындағылар операторларға талап күшейтіліп, заңға өзгерістер енгізілген деп отыр. Сондықтан 20 күн бұрын барлық орталықтың жұмысын уақытша тоқтатыпты. Енді тек сертификаты бар, жұмыс істеуге қабілетті техникалық бақылаудан өткізетін жерлер ғана қызмет көрсетеді.
– Рұқсаты жоқ, техникалық байқау орталықтарының барлығы техникалық байқау ақпараттық жүйесінен ажыратылды. Құрылғылардың тізімдерінің болуы, олардың әрқайсының сертификаттарының болуы талап етіліп, соларды дәлелдеуге техникалық байқау орталықтары міндеттелген. Яғни бұл жол жүру қауіпсіздігіне тікелей байланысты мәселе, – дейді Бақытжан БЕКМҰРАТОВ, Қызылорда облысы көлік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары
Сондай-ақ жауаптылар бүгіннен бастап қаланың басқа аумақтарындағы орталықтар ашылады деп сендірді. Ал сергелдеңге түскен көлік иелері мәселе шешілмесе, кезек күткен жандар күннен-күнге көбейе ме деп қорқады.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
16.03.2026,
09:00
17.03.2026,
09:00
19.03.2026,
11:10
18.03.2026,
14:00
16.03.2026,
10:30
Реклама
Реклама