Қайтейік енді
30.03.2026,
в 15:00
328
Қазақстанда тарифтерді көтеруге енгізілген уақытша мораторий осы айдың соңында аяқталады, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Дегенмен, өсім маусым айынан ерте болмайды. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы осылай деп мәлімдеді.
Нұрлан БОЛАТБАЕВТЫҢ сөзінше, тарифті өзгерту үшін алдымен қызмет көрсетуші компаниялардың өтініштері қаралуы тиіс. Бұл процесс белгілі бір уақытты талап етеді.
«Әрбір өтініш бойынша міндетті түрде қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Оған шамамен бір ай уақыт кетеді», деді комитет өкілі.
Қарау мерзімі стандартты тәртіппен 90 жұмыс күніне дейін, ал жеңілдетілген тәртіппен 40 күнге дейін жалғасады. Сондықтан қызмет ақысы әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін.
2025 жылдың 16 қазанында Қазақстанда барлық тұтынушы тобы үшін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеру 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін тоқтатылған болатын.
Фото: istockphoto.com.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
26.03.2026,
18:00
30.03.2026,
09:00
30.03.2026,
10:30
Реклама
Реклама