Құрылтай депутаттары бірден 5 жылға сайланады

Қайтейік енді

08.05.2026,

  в 15:00

86

Бұл Құрылтай дегеннің құрамында 145 депутат болады екен

Парламент палаталарының бірлескен отырысында “Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Заң жобасының басты мақсаты – бірпалаталы Құрылтайдың конституциялық – құқықтық негізін бекіту.

Заң жобасын Мәжіліс депутаты Айдос САРЫМ таныстырды. Оның айтуынша, Құрылтай құрамына 145 депутат енеді.

Заң жобасына сәйкес, Құрылтайдың құрамы 145 депутаттан тұрады, пропорционалдық жүйе бойынша сайланады және олардың өкілдік мерзімі – 5 жыл болады, деп белгілеу ұсынылып отыр”, – деді депутат.

Сондай-ақ Құрылтай аясында 8 бейінді комитет құру жоспарланған.

Бұдан бөлек, Конституциялық заң деңгейінде алғаш рет Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес туралы нормаларды бекіту ұсынылды.

Жаңа Заң жобасы осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Фото: depositphotos.com.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!