Қайтейік енді
22.05.2026,
в 15:00
141
Жоғары аудиторлық палатаның есебі жаға ұстатады. Күні кеше аудиторлар елдің экономикалық ахуалына қатысты мәліметтерді жария етті.
Оларға сенсек, Қазақстанда несиенің қымбат екеніне қарамастан, 2025 жылы екінші деңгейлі банктердің халыққа берген несие көлемі 19,1%-ға артқан. 2024 жылы банктер 36,8 трлн теңге көлемінде несие берсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 40,2 трлн теңгеге жеткен.
«Банктер үшін халықты несиелеу әлі де ең табысты сегмент болып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл бағыт 19,8%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгені құрады. Оның ішінде ипотекалық несиелеудің үлесі – 28%, тұтынушылық мақсаттағы несиелердің үлесі – 67%. Сонымен қатар, 2025 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылық несиелеу шамамен 21%-ға өсті. Бұған автонесиелеу көлемінің артуы да әсер етті: ол 42,4%-ға өсіп, 4 трлн теңгеге жетті.
2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша, жекелеген сарапшылардың бағалауынша, экономикалық белсенді халықтың 90%-дан астамының несиесі болған. Кепілсіз тұтынушылық несиелер құрамына пайызсыз несиелер, яғни бөліп төлеу қызметтері де кіреді. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың үлесі барлық қарыз алушылардың 63%-ын құраған», – деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палата.
Аудиторлардың есебінше, елде орташа жалақы 8,8%-ға өсіп, 473 мың теңгені құраған. Алайда инфляцияны ескергендегі нақты көрсеткіш төмендеген. Нақты жалақы индексі – 96,8%.
«Қарыздың көптігі халықтың тұтынушылық мүмкіндіктерін шектейді. Соның салдарынан халықтың табысы өссе де ол күнкөріс пен міндеттемелерді өтеуге ғана жұмсалуда», – деген қорытынды жасады аудиторлар.
Фото: shutterstock.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
20.05.2026,
09:00
16.05.2026,
12:00
18.05.2026,
09:00
Реклама
Реклама