Новости
06.06.2026,
в 14:27
284
Пойызда даулы оқиға болды. Қыздың кеудесіне қол тигізген 70 жастағы ер адамға тек айыппұл салынды, деп хабарлайды ult.kz.
Threads желісінде қыз Ақтөбе – Алматы бағытындағы пойызда болған жағымсыз оқиға туралы жазды.
Оның айтуынша, түнгі уақытта төменгі орында ұйықтап жатқан кезде шамамен 70 жастағы ер адам кеудесіне қолын тигізген. Қыз шошып оянғанда, ер адам кешірім сұрап, теріс қарап жатып қалған.
Жолаушының сөзінше, оқиға туралы ер адамның жанындағы әйелге айтқан кезде, ол жағдайды елемеген. Біраз уақыттан кейін күдікті жақын маңдағы станциядан түсіп кетіп қалған.
Көліктегі полиция департаменті 70 жастағы ер адамның Түрксіб станциясында ұсталғанын хабарлады. Іс әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралып, сотқа жолданған.
Сот шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК көлемінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынды.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
02.06.2026,
11:00
02.06.2026,
10:00
01.06.2026,
10:00
01.06.2026,
12:00
31.05.2026,
10:00
Реклама
Реклама