Ду шапалаq
16.06.2026,
в 15:00
291
Qazaq Oil Қазақстандағы жол сервисінің жаңа инфрақұрылымын қалыптастырып келеді. Оның ішінде жол бойындағы Keruen Inn қонақүйлер желісін дамытуда. Желінің алтыншы нысаны еліміздің ең танымал туристік бағыттарының бірі – Қарқаралы қаласының кіреберісінде ашылды.
Жаңа нысанның ашылуы – Qazaq Oil компаниясының жол бойындағы сервистер экожүйесін дамытудың кезекті қадамы. Алғашқы қонақүй іске қосылғалы бері бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде Keruen Inn желісі кеңейіп, қазір Ақтау, Атырау, Меркі, Арал, Семей қалаларында және енді Қарқаралыда қызмет көрсетуде.

Жаңа Keruen Inn қонақ үйінде 31 бөлме бар, олар туристер мен автокөлікпен жолға шыққан қонақтардың жайлы демалысына арналған.


Отбасылық демалыс форматына ерекше көңіл бөлінген: қонақүйде 48 шаршы метрлік балалар ойын аймағы қарастырылған. Онда лабиринт, құрғақ бассейн және шығармашылық бұрышы бар.
Keruen Inn жаңа буындағы кешенді жол инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде дамып келеді. Қонақүй Qazaq Oil автожанармай кешенімен біріктірілген және қажеттінің бәрін қамтиды: жайғасу, демалу, тамақтану, көлікке жанармай құю және қосымша сервистер. Қонақтарға күзетілетін автотұрақ, Qazaq Energy Charge электркөліктерін қуаттау станциялары, 35 орындық дәмхана және Dala Market қызметтері дайын тұр.
Ең ыңғайлы тұсы – сервистердің цифрлық интеграциясы. Барлық қызметтер Vlife платформасы арқылы ұсынылады: клиенттер сол арқылы нөмірлерге тапсырыс беріп, сервистердің ақысын төлей алады және бірыңғай цифрлық кеңістікте бонустық бағдарламаны пайдалана алады.

Qazaq Oil компаниясының даму жөніндегі директоры Оралхан ОМАРОВТЫҢ айтуынша, компания жолға шыққан саяхаттаушылардың өзгеріп келе жатқан қажеттіліктеріне сай келетін инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуда.
«Қазіргі заманда жол инфрақұрылымының сапасы ішкі мобильділік пен туризмді дамытудың маңызды факторларының біріне айналып отыр. Біз кешенді сервистік шешімдерге деген тұрақты сұранысты байқап отырмыз және сапардың бірнеше сценарийін бір жерде біріктіретін нысандарды кезең-кезеңімен құрып келеміз», – деді ол.
Қарқаралыда жаңа нысанның пайда болуы өңірдің туристік инфрақұрылымын күшейтіп қана қоймай, бір үлкен үрдісті көрсетеді: жол бойындағы заманауи кеңістіктер енді жай ғана аялдау орны емес, ол да саяхаттың маңызды бөлігіне айналып келеді.

Фото: Qazaq Oil.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
11.06.2026,
12:00
10.06.2026,
10:30
12.06.2026,
18:00
15.06.2026,
10:30
11.06.2026,
15:00
Реклама
Реклама