Дау-дамай
14.09.2026,
в 15:00
280
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің оқытушысы, ақын Темірғали КӨПБАЙ бірқатар ұстаздың жұмыстан кеткені туралы айтқан болатын, деп хабарлайды kznews.kz.
Қоғамдық талқылауға ұласқан тақырыпқа орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер бойынша проректор Алина ГАЛЕЕВА ресми мәлімдеме жасап, оқу орнының уәжін айтты.
– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің оқытушыларына қатысты төмендегіні хабарлайды:
Журналистика факультетінің профессоры Кәкен ХАМЗИН мен доцент Темірғали Көпбаевтың еңбек шарттарының қолданылу мерзімі аяқталды.
Аға оқытушы Ермахан ШАЙХЫ академиялық біліктілігін анықтау мақсатында өткізілген конкурстық комиссия отырысына қатыспады және белгіленген рәсімнен өтуден бас тартты.
Аға оқытушы Мұрат ШАЙМАРАН академиялық талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізілген конкурстан өте алмады.
Лауазымға қабылдау рәсімі жоғары оқу орындарында белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайын жүргізіледі.
Арнайы құрылған конкурстық комиссия өтініш берушілердің ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерін, педагогикалық тәжірибесі мен дәріс беру біліктілігін және өзге де белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды.
Тиісті шешімдер қолданыстағы заңнамаға және университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қабылданады, – делінеді ҚазҰУ жолдаған ресми жауапта.
Фотоиллюстрация: Kznews.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
09.09.2026,
15:00
12.09.2026,
12:00
11.09.2026,
12:00
09.09.2026,
12:00