Ескі көлікті өткізіп, сертификат алу тәртібі бекітілді

Новости

16.10.2026,

  в 11:57

166

Жаңа тәртіп 25 қазаннан бастап күшіне енеді

Ескі көлікті тапсырып, жаңасын алғысы келетіндерге сертификат беру тәртібі бекітілді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Енді гараждағы ескі көлігіңізді кәдеге жаратуға тапсырып, жаңасын жеңілдікпен алуға болады. Алайда ол өтемақыға шетелдік көліктерді шертіп таңдай алмайсыз. Мүмкіндік тек Қазақстанда жасалған техникаға берілмек. Экология министрлігі сертификат алу тәртібін бекітті.

Тозығы жеткен техниканы темір-терсекке тапсырып, жаңа тұлпар тізгіндегісі келетіндерге министрлік осындай бастама көтеріп отыр.

Жаңа тәртіп 25 қазаннан бастап күшіне енеді.

Бір ерекшелігі – жеңілдік сертификатын алып, оны өзгеге сыйға тартса да болады. Ол үшін екі тарап электронды цифрлық қолтаңба арқылы келісім рәсімдеуі керек.

Сондай-ақ ескі көліктің санаты жаңасын таңдауға кедергі болмайды. Яғни тапсырған техникаңыздың орнына басқа санаттағы көлік сатып алуға болады. Сертификат берілген күннен бастап бір жылға жарамды.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!