Новости
25.11.2026,
в 11:55
170
Астананың 22 жастағы тұрғыны, блогер Әсел ЕРБОЛ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 86 500 теңге айыппұл арқалады. Бұған оның Threads әлеуметтік желісінде жариялаған видеосы себеп болған. Кадрларда қыздың «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасына қарама-қарсы орналасқан жол белгісінің бағанынан ұстап, түрлі қимылдар жасаған
Сот қаулысында оқиғаның мән-жайы былайша сипатталған.
«2026 жылғы 29 қазан күні Threads әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында “aselina_0606” аккаунтының пайдаланушысы Ә.Ш. Ерболдың Мәңгілік Ел даңғылы бойында “Триумфальная арка” нысанына қарама-қарсы орналасқан жол белгісінің тірегінен ұстап, түрлі қимылдар жасап, назарын өзіне аударғаны анықталған. Аталған іс-әрекеттерімен айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған».
Әсел Ербол сотта бұл әрекетін мойындаған. Оның айтуынша, видеоны сатып алған жаңа көйлегін көрсету үшін түсірген. Ол жасаған әрекетіне өкініш білдіріп, соттан қатаң жазаламауды сұраған.
Сот Әсел Ерболды ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
Редакция Әсел Ерболдың Threads және Instagram парақшаларын тексерді. Алайда «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы маңында түсірілген видеоны таба алмадық. Болжам бойынша, қыз бұл жарияланымды кейін өшірген болуы мүмкін. Дегенмен сот қаулысында видеоның өшірілгені немесе оны жою туралы талап қойылғаны жөнінде ақпарат жоқ.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
19.11.2026,
10:30
20.11.2026,
18:00
20.11.2026,
12:00
20.11.2026,
16:00
21.11.2026,
14:35