Қайтейік енді
09.09.2025,
в 18:32
682
Непалдың президентіне дейін оставкаға кетті.
Елдің астан-кестеңі шығып жатыр.
Биліктегі кәрілер жастардың жынына әбден тиген болса керек.
Біздегідей ОДКБ сияқты ештеңесі жоқ екен өздерінің.
Жастар кешегі премьер мен министрлерді көшеде қуалап сабап жүр.
Непалдағы бұл ереуілге негізінен жастар шыққан. Олардың үкіметке таққан басты айыбы – кәдімгі авторитаризм мен коррупция.
Сосын билік әлеуметтік желілерді жапқанда жастар өре түрегелген.
Әлеуметтік желілерде билікке сын болған, әдеттегілей биліктегілердің бала-шағасының асқан байлығы жарияланған. Соның бәрін жауып тынбақ еді билік.
Өзі тоңқалаң асты.
Біздің Қазақстан да – жастар елі. Халқымыздың орташа жасы – 32 жас. Біз жақта да біртүрлі бұғаттағыш, жауып тастағыш, тыйым салғыш ниеттер байқалады.
Қазақстандағы қала жастарының тынысы – әлеуметтік желі, көлігі – самокат.
Катманду мен Алматының ең тығыз ауданындағы халық тығыздығы да шамалас екен: оларда шаршы шақырымға 20 мыңдай, бізде 15 мыңдай.
Бізде де жастар жағы қатты көбейіп келеді.
Непалда не болар екен? Көрейік енді.
Фото: AP Photo/Niranjan Shrestha.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
08.09.2025,
14:42
09.09.2025,
12:33
05.09.2025,
12:48
04.09.2025,
09:00
Реклама
Реклама