Ду шапалаq
19.09.2025,
в 10:00
621
Qazaq Oil – еліміздегі ең ірі жанармай ритейлері – заманауи сервис экожүйесін қалыптастыруды жалғастыруда. Танымал жанармай құю станцияларына, Q-Cafe кофеханалары мен меншікті брендтер желісіне енді жаңа бағыт қосылды. Ол – қонақ үй. Жамбыл облысында, Меркі ауылының маңында компания алғашқы жол бойындағы Keruen Inn қонақ үйін ашты.
Qazaq Oil компаниясының бас директоры Төлеміс ШОТАНОВ былай деді:
«Біз үшін тек жанармай ұсыну ғана емес, жол бойындағы жайлы инфрақұрылымды қамтамасыз ету маңызды. Біз әрқашан сапаға, қолайлылыққа және жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуге баса мән беріп келеміз. Қонақ үйдің ашылуы – соңғы алты жылда дамытып келе жатқан жол бойындағы сервисіміздің заңды жалғасы», – деді ол.
Keruen Inn Алматы–Тараз–Шымкент бағыты бойындағы қозғалысы қарқынды тас жолда орналасқан. Жалпы ауданы 900 шаршы метр болатын заманауи ғимаратта жеке санитарлық тораптары мен душы бар 31 бөлме бар.
Қонақтарға спутниктік теледидар, Wi-Fi, гигиеналық жиынтықтар мен шай ішетін жабдықтар ұсынылады – бұл қала қонақүйлерінің стандарттарына сай.
Қонақ үй аумағында кір жуу орны, күзетілетін автотұрақ, намазхана, супермаркет, жанармай құю бекеті және электромобильдерге арналған қуаттау станциясы жұмыс істейді.
Кафе, жазғы террассасы бар демалыс орны мен тамақтану алаңы қарастырылған. Мәзірде – ет және балық тағамдары, пицца, паста және сэндвичтер бар.
«Keruen Inn – бұл жол бойындағы 60 заманауи қонақүйінен тұратын желіні құру жолындағы алғашқы қадам. Қазір Астана–Алматы және Батыс Еуропа – Батыс Қытай трассалары бойында тағы төрт нысанның құрылысы қатар жүріп жатыр. Біздің мақсат – елдегі негізгі көлік дәліздерінде жаңа деңгейдегі қызмет көрсетуді қалыптастыратын ыңғайлы әрі қолжетімді қонақ үй желісін жасау», – деп атап өтті Qazaq Oil серіктесі, жобаны іске асырып жатқан PetroRetail PFS компаниясының бас директоры Бекжан МҰХТАСИФҰЛЫ.
Жаңа қонақ үй Qazaq Oil экожүйесінің қисынды жалғасына айналды. Бүгінде бұл экожүйе әртүрлі бағыттарды қамтиды:
Компанияның жанармай құю станцияларында электромобильді қуаттауға, пластикті қайта өңдеуге тапсыруға, азық-түлік, кітаптар, киім-кешек, тіпті балалар ойыншықтарын сатып алуға болады.
Меркі ауылындағы Keruen Inn – бұл бастамасы ғана.
2025 жылдың соңына дейін Qazaq Oil Қазақстанның түрлі өңірлерінде жол бойынан тағы төрт қонақ үй ашуды жоспарлап отыр. Бұл ел ішінде жүріп-тұру жайлылығын арттырып, жол бойындағы сервиске жаңа стандарт орнатады.
«Біздің клиенттеріміз бізден жай ғана сапалы жанармай ғана емес, одан да көп нәрсені күтеді. Біз мұны қамтамасыз етуге дайынбыз. Qazaq Oil экожүйесі қарқынды дамып келеді және әрбір жаңа бастама бізді басты мақсатымызға – Қазақстан бойынша әр сапарды жайлы, қауіпсіз әрі шабыттандыратын етуге жақындата түседі», – деп қорытындылады Төлеміс Шотанов.
Фото: Qazaq Oil ұсынды.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
12.10.2025,
10:00
13.10.2025,
18:00
17.10.2025,
18:30
15.10.2025,
17:22
Реклама
Реклама