Қайтейік енді
04.11.2025,
в 15:00
433
Астанада студенттер тұратын хостелден шу шықты. Түн ортасында бұрымдыны бөлмеден күштеп қуып жатқан видео қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Информбюро 31.
Бейнетаспада бойжеткенге дауыс көтере сөйлеген ер адам ұялы телефонын жұлып алып, өзін далаға қуып шығады. Ең сорақысы, хостел басшысын «маған сексуалды сипаттағы қысым көрсетті» деп айыптаған тағы бір ару сұхбат берді. Және кәсіпкер арсыз әрекетке бірнеше рет барған көрінеді.
«Еркежан» тұрғын үй кешеніндегі хостелде тұрған бұрымдыны ер азаматтың еш аяусыз жұлқылап шығарып жатқаны түсірілген кадрлар тараған. Хостел иесінің айтуынша, пәтер ақысын төлеуден бас тартқан қыз жатын орында тығылып жатып жүріпті.
— Қолынан ұстап, эмоцияға беріле осы біздің «Еркежаннан» шығаруға тура келді 1-ші қабатқа. Өйткені 8-қабатта болды. Секіріп кете ме деген қорқыныштар болды. Сосын біз оны 1-қабатқа түсірдік, соған байланысты соттың шешімі шықты. Себебі оны тек соттың шешімімен ғана шығаруға болады адамды. Соған байланысты 78 мың теңге айыппұл салды. Бұл 1-2 ай бұрын болған оқиға, — дейді хостел иесі Жеңіс ҚЫДЫРОВ.
Елордалық тағы бір бойжеткен хостел қожайынынан сексуалды сипаттағы қысым көргенін айтты. Сөзінше, кәсіпкер қорғансыз қызды қорлап қана қоймай, бірнеше мәрте зорламақшы болған екен.
— Өзі шешіне бастайды. Сосын менің көйлегімді тартып, жыртып тастайды. Ағай, жіберіңізші, десем де қоймайды. Зорламақшы болды. Мен бұрышқа тығылып жылап отырдым, ол шешінді де жасайтынын жасап, өзі киініп кетіп қалды. Кеудең ашық тұрсын, аяғың ашық тұрсын, қазір мен істейтінімді істеймін де кете беремін дейді, — деді жәбірленуші.
Бұрымды бұл туралы полицияға бірнеше рет шағымданғанын айтады. Алайда бір айдан астам уақыт өтсе де, іс қозғалмапты. Ал хостелдің иесі ар-намысына тиген сөздерді толық жоққа шығарып отыр.
— Ондай ешқандай не болмаған. Егер дәлелдері болатын болса, келтірсін. Бұған дейін де жазуға мүмкіншілігі болды ғой. Жұмыстан шыққаннан кейін біздің бизнеске қастандық жасап жатыр деп ойлаймын, — дейді хостел иесі Жеңіс Қыдыров.
Бес баланың әкесімін деген кәсіпкер «заң алдында жауап беруге дайынмын» дейді. Әрі отбасылық кәсіптің атына кір келтіру ойымда жоқ деп отыр.
Қазір бұл даулы іс бойынша құқық қорғау органдары тексеріс бастаған екен.
Енді хостелде нақты не болғанын тергеу анықтайды.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
30.10.2025,
17:33
03.11.2025,
17:08
29.10.2025,
09:00
31.10.2025,
12:00
Реклама
Реклама