Ду шапалаq
26.11.2025,
в 10:00
438
Бөлшек сауданың жедел цифрлануы компаниялардың назарын бір реттік саудадан клиентпен ұзақ мерзімді қатынас құруға аударып жатыр. Бұл үрдіс әсіресе жанармай саласында айқын көрінеді: қазіргі көлік иелері сапалы жанармаймен қатар күнделікті жүріс-тұрысты жеңілдететін ыңғайлы цифрлық сервистерді күтеді. Мұндай өзгерістің жарқын үлгісі – Qazaq Oil мен Vlife бонустық бағдарламасының серіктестігі, бұлар клиент күтудің жаңа моделін қалыптастырып отыр.

Бонустық бағдарламалар бұрынғы «жина да жұмса» қағидасы аясынан әлдеқашан асып кеткен. Бүгінде олар пайдаланушыларды күн сайын сүйемелдейтін көпфункционалды сервистерге айналды. Сондай құралдың бірі – жеке ұсыныстарға негізделген, бонус есептеу ережелері түсінікті, интерфейсі ыңғайлы Vlife цифрлық платформасы.
Платформа мобильді қосымшаға біріктірілген, мұнда пайдаланушылар кез келген уақытта бонустық балансты тексеріп, жанармай құю тарихына негізделген ұсыныстар алып, ең жақын Qazaq Oil жанармай бекетін тез тауып, арнайы акцияларға қатысып, бонустарды жанармайға да, серіктестердің тауарларына да қолдана алады.

Дәстүрлі пластик карталар өзектілігін жоғалта бастаған кезде Qazaq Oil цифрлық лояльдік моделіне көшкен алғашқы ірі жанармай желілерінің бірі болды.
«Жақында Code de Vie дүкенінен парфюм сатып алып, күтпеген жерден Vlife қосымшасы арқылы шамамен 2% немесе 3% бонус ала алатынымды білдім. Бағдарлама тек Qazaq Oil бекеттерінде ғана емес, басқа серіктестерде де жұмыс істейтінін білмеппін. Бұл өте күшті тосынсый болды: енді жанармай құйған сайын бонустарды жай “жинау” үшін емес, жаңа косметика алуға да қолданамын», – деді Астана қаласының тұрғыны Жазира ҚАСЫМОВА.
Vlife-тың басты артықшылығы – сервистің клиентке терең бейімделуінде. Платформа жанармай бекетіне бару жиілігін, құятын жанармай түрін, сапарлардың сипатын, сатып алу әдеттерін талдайды да, әр клиентке жеке ұсыныстар жасайды. Vlife алыс жолға жиі шығатындар үшін кофе, терезеге шашатын су және жолға қажет тауарларға арналған акцияларды ұсынады. Ал қала ішінде жиі жүретін жүргізушілерге жүйе серіктес мейрамханалардағы, түрлі сервистердегі бонустық ұсыныстарды жиірек көрсетеді.
Мұндай дәл бағытталған механика клиенттердің белсенділігін едәуір арттырады. Vlife серіктестерінің ішкі деректері бойынша, әр клиентке арнайы жеке ұсыныстар жаппай жіберілетін хабарламаларға қарағанда әлдеқайда өтімді келеді.

«Біз үшін клиенттің жайбір-екі қызмет түрін ғана емес, одан да көп нәрсе алуы маңызды. Vlife-пен серіктестік жүргізушілердің тәжірибесін жанармай бекеті аясынан асырып, әркез шын пайдасын тигізетін толыққанды экожүйе ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл – клиенттермен адал әрі ұзақ мерзімді қатынастар орнатуға бағытталған стратегиямыздың бөлігі», – деді Qazaq Oil компаниясында.
Қазіргі бағыттардың бірі – бонустарды тек тауар сатып алуға ғана емес, қоғамдық маңызы бар жобаларға да бағыттау мүмкіндігі. Vlife арқылы пайдаланушылар экологиялық және қайырымдылық бастамаларына қатыса алады: балалар қорларына көмек көрсету, ағаш отырғызу бағдарламаларын қолдау және басқа да әлеуметтік жобалар бар. Бұл клиент пен бренд арасындағы эмоционалдық байланысты нығайтады, әсіресе жас аудитория үшін маңызды.
Vlife компаниясы серіктестер желісі әлі де кеңейетінін атап өтті: мейрамханалар мен түрлі сервистерден бастап travel-багыттарға және цифрлық платформаларға дейін. Экожүйе қаншалықты кең болса, пайдаланушы бағдарламаны соншалықты жиі тұтынады, ал бұл сенімділікті, адалдықты және қанағаттануды арттырады.
Qazaq Oil мен Vlife серіктестігі цифрлық технологиялардың ықпалына байланысты дәстүрлі нарықтың қаншалықты тез өзгеретінін көрсетеді. Лояльдік бағдарламасы енді қосымша элемент емес, клиенттерді ұстап қалудың, коммуникацияның және қосымша құндылық жасаудың толыққанды құралына айналды.
Qazaq Oil үшін бұл – саланың ең клиентке бағытталған брендтерінің бірі ретіндегі мәртебесін күшейту жолындағы қадам, ал қазақстандық көлік жүргізушілері үшін – қолайлы, үнемді және әдеттері мен өмір салтына сай келетін жеке ұсыныстар.
Фото: Qazaq Oil.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
26.11.2025,
16:00
25.11.2025,
11:00
26.11.2025,
10:30
Реклама
Реклама